«Ветеринария бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парақтарының нысандарын және тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 30 маусымдағы № 18-02/366 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. 2011 жылғы 2 тамыздағы № 228 Бірлескен бұйрығы (күші жойылды)

Ветеринария бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парақтарының нысандарын және тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 30 маусымдағы № 18-02/366 және
 Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. 2011 жылғы 2 тамыздағы № 228 Бірлескен бұйрығы

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 7-1/1130 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 802 бірлескен бұйрығымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 13-бабы 4-тармағына және 15-бабы 1-тармағына сәйкес, бұйырамыз:

1. Мыналар:

1) осы бұйрықтағы 1-қосымшаға сәйкес ветеринария жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парағының нысаны;

2) осы бұйрықтағы 2-қосымшаға сәйкес ветеринария бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тiркеудi;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде тiркеуден өткен соң ресми жариялауды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң ресми интернет-ресурсына жариялауды қамтамасыз етсiн.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Вице-министрі С.С. Хасеновқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрi

 

А. Мамытбеков

 

Қазақстан Республикасы

Экономикалық даму және

сауда министрiнің міндетін атқарушы

 

 

Т. Сүлейменов

 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2011 жылғы 30 маусымдағы № 18-02/366

және Қазақстан Республикасы

Экономикалық даму және сауда

министрінің м.а.

2011 жылғы 2 тамыздағы № 228

Бірлескен бұйрығына 1-қосымша

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.