(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2011.04.03 № 232 ҚАУЛЫСЫ

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің білім беру ұйымдарында мамандар даярлауды қоспағанда) жоғары және жоғары
оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға 2011/2012
оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 232 Қаулысы

(2011.02.08. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2011 жылғы 25 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға 2011/2012 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;

«Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға 2011 - 2012 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 маусымдағы № 266 Бұйрығын караңыз

2) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары білімі бар мамандар даярлауға 2011/2012 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;

«2011/2012 оқу жылына жоғары білімі бар мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын мамандықтар бойынша бөлу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 16 наурыздағы № 97 Бұйрығын қара

3) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2011/2012 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.