ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 11 тамыздағы № 502 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2011.27.08. № 972 Қаулысымен қағидамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы
№ 836 қаулысымен бекітілген
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру
қағидасы
(2013.18.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағида әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру, қаржыландыру және оларға халықтың нысаналы топтарына жататын азаматтарды жұмысқа орналастыру тәртібін айқындайды (бұдан әрі - Қағида).
2. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан азаматтар және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырған жұмыс берушілер туралы мәліметтер «Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде орналастырылады.
2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру
3. Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыс берушілерде олардың меншік нысанына қарамастан ұйымдастырылады.
4. Әлеуметтік жұмыс орны уақытша жұмыс орындарын құру арқылы ұйымдастырылады және мынадай ерекшеліктері бар:
1) арнайы нысаналы топтарға арналған;
2) жұмыс орындарының саны шектелмеген, жұмыс уақытша сипатта болады және оны ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос жұмыс орындарын пайдалануға болмайды.
ҚР Үкіметінің 2012.30.03. № 378 Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Уәкілетті орган және/немесе халықты жұмыспен қамту орталығы:
1) жұмыс берушілерге әлеуметтік жұмыс орындарын құру және қаржыландыру мәселелері бойынша консультация береді;
2) жыл сайын, 10 қаңтарға дейінгі мерзімде әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілерден осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім жинауды жүзеге асырады;
3) барлық ұсынылған өтінімдер үш жұмыс күні ішінде бірыңғай тізбеге жинақталып, тиісті ауданның (облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) уәкілетті органына қарауға және бекітуге ұсынылады.
ҚР Үкіметінің 2012.30.03. № 378 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.29.12. № 1772 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ жаңа редакцияда
6. Ауданның (облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) уәкілетті органы жыл сайын тізбені алғаннан кейін 15 жұмыс күні ішінде өзінің шешімімен өңірлік еңбек нарығындағы қажеттілікке сәйкес әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілердің тізбесін бекітеді және қажеттігіне қарай оны жаңартып отырады.
7. Уәкілетті орган және/немесе халықты жұмыспен қамту орталығы бекітілген тізбеге сәйкес жұмыс берушімен осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру туралы шарт жасайды.
3. Азаматтардың әлеуметтік жұмыс орындарына орналасуына жәрдемдесу
8. Уәкілетті органдар және/немесе халықты жұмыспен қамту орталықтары:
1) азаматтарға әлеуметтік жұмыс орындарына орналасуға байланысты мәселелер бойынша консультация береді;
2) жасалған шарттарға сәйкес халықтың нысаналы топтары қатарындағы азаматтарды ұйымдастырылған әлеуметтік жұмыс орындарына орналасу үшін жұмыс берушілерге жібереді.
ҚР Үкіметінің 2012.29.12. № 1772 Қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9. Азаматтарды ұйымдастырылған әлеуметтiк жұмыс орындарына орналасу үшiн жiберу кезiнде мыналар ескерiледi:
1) жіберілетін азаматтар уәкілетті органда немесе халықты жұмыспен қамту орталығында «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыссыз ретінде тіркелген және халықтың нысаналы топтарына жатуға тиіс, сондай-ақ еңбекпен оңалтуға мұқтаж ретінде мүгедектер қатарындағы азаматтар;
2) жолдама беру сәтiнде жiберiлетiн азаматтар үшiн уәкiлеттi органда және/немесе халықты жұмыспен қамту орталығында лайықты тұрақты жұмыс болмаған болуы керек.
10. Азаматтар ұйымдастырылған әлеуметтік жұмыс орындарына он екі айлық кезеңде бір рет қана орналаса алады және тіркелген күніне сәйкес кезектілік тәртібімен жүзеге асырылады.
11. Жұмыс берушінің бастамасы бойынша әлеуметтік жұмыс орнына қабылданған азамат жасалған еңбек шартының мерзімі аяқталғанға дейін тұрақты жұмысқа қабылдануы мүмкін. Бұл ретте жұмыс беруші уәкілетті органға немесе халықты жұмыспен қамту орталығына тұрақты жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін жолдайды.
4. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру
12. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан азаматтарға еңбекақы төлеуге жұмыс берушінің шығыстарын өтеуге мемлекеттік бюджеттен субсидия беруді қамтиды.
13. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыруды жұмыс берушілермен жасалған шарттар негізінде, ай сайын қаржыландырудың бекітілген жоспарларына сәйкес және осы мақсаттарға аудандардың (облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) бюджеттерінде көзделген сома шегінде уәкілетті орган жүзеге асырады.
14. Уәкілетті орган ай сайын, жұмыс берушінің осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынған мәліметтері негізінде, жұмыс берушінің жұмысқа орналастырылған азаматтарға еңбекақы төлеуге жұмсаған шығындарын өтеуге арналған соманы жұмыс берушінің есеп айырысу шотына аударуды жүргізеді.
15. Жұмыс беруші әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған азаматтарға еңбекақы төлеуді ай сайын, нақты орындалған жұмыс уақыты үшін еңбек шартында белгіленген мөлшер негізінде жүргізеді.
Орындалатын жұмыстың көлеміне, сапасы мен күрделілігіне қарай жұмыс беруші нақты орындалған жұмыс үшін өзінің жеке қаражаты есебінен қосымша үстемеақы белгілеуге құқылы.
5. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы есептілікті ұсыну
ҚР Үкіметінің 2013.30.04. № 434 Қаулысымен 16-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
16. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) уәкілетті органдары ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 2-күніне қарай облыстардың уәкілетті органдарына мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша есепті ұсынады және аталған есепте:
1) әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған азаматтардың саны туралы;
2) әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған азаматтардың жалақысының орташа айлық мөлшері туралы мәліметтер қамтылады.
ҚР Үкіметінің 2013.30.04. № 434 Қаулысымен 17-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
17. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) уәкілетті органдары ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 4-күніне қарай орталық атқарушы органға өңір бойынша мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша тиісті жиынтық есепті ұсынады.
ҚР Үкіметінің 2013.30.04. № 434 Қаулысымен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Әлеуметтік жұмыс орындарын
ұйымдастыру және қаржыландыру
1-қосымша
_________________ ауданының,
қаласының уәкiлеттi органына
____________________________
Өтiнiм
__________________________________________________________________________________________________________
(жұмыс берушiнiң толық атауы, мекенжайы, БСН (ЖСН), байланыс жасайтын адамдары мен телефондары)
халықтың нысаналы топтары қатарындағы азаматтар үшiн әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушiлер тiзбесiне қосуды сұрайды.
Мәселе оң шешiмiн тапқан жағдайда азаматтарға тiзбеге сәйкес мынадай жұмыс орындары ұсынылатын болады: