Реквизицияланатын мүлікті бағалау және оның құнын өтеу мөлшерін айқындау қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 қыркүйектегі № 1011 Қаулысы
(2013.30.04. берілген өзгерістермен)
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 207-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Реквизицияланатын мүлікті бағалау және оның құнын өтеу мөлшерін айқындау қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2011 жылғы 3 қыркүйектегі
№ 1011 қаулысымен
бекітілген
Реквизицияланатын мүлікті бағалау және оның құнын өтеу мөлшерін айқындау
қағидасы
1. Осы Қағида «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 207-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және реквизицияланатын мүлікті бағалау және оның құнын өтеу мөлшерін айқындау тәртібін белгілейді.