Өңірлік саясат мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 1239 Қаулысы
(2011.24.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2011 жылғы 31 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 тамыздағы № 167 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясында көзделген шараларды тиімді іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес құрамда Өңірлік саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Өңірлік саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.