Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын топографиялық және арнайы карталармен, геодезиялық пункттердің координаталары каталогтарымен және топографиялық қызметтің мүлкімен жабдықтау нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы № 1264 Қаулысы
(2008.18.11. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2010 жылғы 4 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы Заңының 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын топографиялық және арнайы карталармен, геодезиялық пункттердің координаталары каталогтарымен және топографиялық қызметтің мүлкімен жабдықтау нормалары бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының