Жекешелендіруге жататын облыстық коммуналдық мүліктің тізбесін бекіту туралы
Ақмола облысы әкімдігінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № А-3/112 Қаулысы
Осы редакция 2011 жылғы 18 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген жекешелендіруге жататын облыстық коммуналдық мүліктің тізбесі бекітілсін.
2. «Ақмола облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіп бойынша жекешелендіруді жүзеге асырсын.
3. Қосымшаға сәйкес Ақмола облысы әкімдігі қаулыларының күші жойылған деп танылсын.
4. Осы қаулы Ақмола облыс Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімі | С. Дьяченко |
2011 жылғы 6 сәуірдегі
№ А-3/112
қаулысымен бекітілген
Жекешелендіруге жататын облыстық коммуналдық мүліктің
тізбесі
| р/с № | Нысанның атауы | Орналасқан орны | Баланс ұстаушы |
| 1 | 2004 жылы шыққан, мемлекеттік нөмірі С 124 КР, ГАЗ 31105-120 автомашинасы | Бурабай ауданы, Щучье қаласы, Коммунистическая көшесі, 33 | «ҚР ІІМ Ақмола облысының ішкі істер департаменті» ММ |
| 2 | 1994 жылы шыққан, мемлекеттік нөмірсіз, ДАЙВО автомашинасы | Целиноград ауданы, Ақмол ауылы | «ҚР ІІМ Ақмола облысының ішкі істер департаменті» ММ |
| 3 | «Тың машина сынау станциясы» ЖШС-нің жарғылық капиталында 100% мемлекеттік қатысу үлесі | Бұланды ауданы, Никольское селосы, Молодежная көшесі, 10 | «Тың машина сынау станциясы» ЖШС |
| 4 | 2000 жылы шыққан, мемлекеттік нөмірі С 187 КР, ВАЗ-21060 автомашинасы | Көкшетау қаласы, Капцевич көшесі, 220 | «ҚР ІІМ Ақмола облысы ІІД Көкшетау қаласы ішкі істер басқармасы» ММ |