«Мемлекеттік атаулы әлеуметтiк көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 ж. 24 желтоқсандағы № 1685 қаулысы
(2009.16.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2007 жылғы 30 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтiк көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттік атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу ережесi бекітілсiн.
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi:
бiр айлық мерзiмде жергiлiктi өкiлдi органдармен келісім бойынша Учаскелік комиссиялар туралы ереженi әзiрлесiн және бекiтсiн;
атаулы әлеуметтiк көмектi алу үшiн өтiнiш берушiнiң отбасының құрамы туралы мәлiметтi куәландыратын уәкiлеттi органды белгiленген тәртiппен анықтасын;
өтiнiш берушiлердің атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындату үшiн ұсынатын құжаттарын тегiн куәландыруды белгіленген тәртiппен қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiнің күшi қосымшаға сәйкес жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының