«Мемлекеттік мүліктің тізілімін жасау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 1115 Қаулысы

Мемлекеттік мүліктің тізілімін жасау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 1115 Қаулысы

 

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 220-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік мүліктің тізілімін жасау жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін орталық және жергілікті атқарушы органдар, мемлекеттік органдар (келісім бойынша) Іс-шаралар жоспарын орындау жөнінде шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі жыл сайын 2012 - 2014 жылғы 10 желтоқсаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне жүктелсін.

5. Осы қаулы қол қойған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 30 қыркүйектегі

№ 1115 қаулысымен

бекітілген

 

 

Мемлекеттік мүліктің тізілімін жасау жөніндегі іс-шаралар жоспары

 

Р/с

Іс-шаралар

атауы

Аяқталу

нысаны

Жауапты

орындаушы

Орындалу

мерзімі

Болжамды

шығыстар

Қаржыландыру

көздері

1

2

3

4

5

6

7

1. Ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар

1

Тізілімді жасау шеңберінде салалық АД-ің өзара іс-қимылы бойынша және Тізілімді жүргізу қағидасының жобасы бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін ведомствоаралық жұмыс тобын құру

Қаржыминінің бұйрығы

Қаржымині (жинақтау), ЭДСМ, ММ, Әділетмині, ЖРБА, БАМ, ТЖМ, БҚА, АЕО (келісім бойынша), ЭКО (келісім бойынша)

2011 жылғы қыркүйек

Талап етілмейді

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.