(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІНІҢ 2011.15.03 № 14-1...

Қазақстан Республикасында арнайы су пайдалануға рұқсат беруге арналған өтініште көрсетілген мәліметтерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 15 наурыздағы № 14-1/113 Бұйрығы

 

Осы редакция 2011 жылғы 6 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Су кодексінің 37-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында арнайы су пайдалануға рұқсат беруге арналған өтініште көрсетілетін мәліметтер бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті (Ж.Ы. Омаров) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ауыл шаруашылығы вице-министрі М.Ә. Оразаевқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2011 жылғы 15 наурыздағы

№ 14-1/113 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Арнайы су пайдалануға рұқсат беруге арналған өтініште көрсетілетін

мәліметтер

 

Арнайы су пайдалануға рұқсат беруге арналған өтініште мынадай мәліметтер көрсетіледі:

1) су пайдаланудың түрі (Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 66-бабының 6-тармағына сәйкес);

2) жер үсті суларын жинап алу және (немесе) пайдалану (сарқынды суларды ағызу, жер асты су көзін) орындарының координаттары көрсетілген ахуалдық схемасы;

3) су пайдалану мақсаты;

4) су объектісінің атауы, негізгі гидрологиялық және гидрогеологиялық сипаттамалары, су пайдаланудың басқа да шарттары;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.