«Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды ұйымдастыруға және жүргізуге қатысты құжаттардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 5 сәуірдегі № 100-ө бұйрығына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2011 жылғы 1 қыркүйектегі № 233-ө бұйрығы
ҚР Энергетика министрінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 435 бұйрығымен күші жойылды
2011 жылғы 6 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бұйырамын:
1. «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды ұйымдастыруға және жүргізуге қатысты құжаттардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 5 сәуірдегі № 100-ө бұйрығына (2007 жылғы 7 мамырдағы Нормативтік-құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 4661 болып енгізілді, 2007 жылғы 25 мамырдағы № 78 «Заң газеті» газетінде, 2007 жылғы сәуір-мамыр Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған), мынадай толықтырулар енгізілсін:
Бұйрықтың 1 қосымшасында:
«_______________________________________________________________________________________________________СТН, ЖСН, БСН»
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«тексеріс жүргізу үшін тартылған эксперт, консультант, маман туралы мәлімет_____________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________________________________»;
«_________________________________ негізінде» деген жолдан кейін келесі мәтіндегі жолдармен толықтырылсын:
«Тексерілетін субьект:
1) бақылау және қадағалау органдарының, тексеру жүргізу үшін объектіге келген лауазымды адамдарын келесі жағдайларда: