«Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды ұйымдастыруға және жүргізуге қатысты құжаттардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 5 сәуірдегі № 100-Ө Бұйрығы (2011.01.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды ұйымдастыруға және жүргізуге қатысты құжаттардың нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 5 сәуірдегі № 100-ө бұйрығы

(2011.01.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Энергетика министрінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 435 бұйрығымен күші жойылды

 

ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2009.11.12. № 269-ө бұйрығымен бүкіл мәтін бойынша «Акт-нұсқама», «Акт-нұсқаманың» деген сөздер «тексеріс нәтижелері туралы акт» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)

 

Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 17-бабының 27) тармақшасына сәйкес, бұйырамын:

1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды ұйымдастыруға және жүргізуге қатысты құжаттардың мынадай нысандары бекітілсін:

1) Тексеруді тағайындау жөнінде акт (№ 1 қосымша);

2) Әкімшілік құқық бұзушылық жөнінде хаттама (№ 2 қосымша);

3) Әкімшілік жазалау жөнінде қаулы (№ 3 қосымша);

4) Іс жөнінде өндірістің тоқтатылуы жөнінде қаулы (№ 4 қосымша);

5) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын қадағалау жөнінде тексеріс нәтижелері туралы акт (№ 5 қосымша)

2. «Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жөнінде құжаттар нысанын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4433 тіркелген, 2006 ж. 13 желтоқсандағы № 215 «Юридическая газета» газетінде жарияланған) Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2006 жылғы 13 қазандағы № 306-п бұйрығы өз күшін жойды деп танылсын.

3. Осы бұйрық ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

Н. Ысқақов

 

ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2009.11.12. № 269-ө бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2011.01.09. № 233-ө бұйрығымен (бұр.ред.қара) 1-қосымша өзгертілді

 2007 жылғы 5 сәуірдегі

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.