Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
«Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы Жарлығына өзгеріс енгізу туралы
ҚР Президентінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 681 Жарлығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес қаулы етемін:
1. «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 1, 1-құжат; 2003 ж., № 44, 469-құжат; 2007 ж., № 18, 197-құжат; 2008 ж., № 23, 212-құжат; 2009 ж., № 32, 293-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелердің тізбесі осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.