(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ 2010.10....

2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2010 жылғы 10 желтоқсандағы № 35/349-IV шешімі

(2011.26.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2011 жылғы 12 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2011.23.02. № 37/381-IV шешімімен (2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.16.03. № 38/389-IV шешімімен (2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда; Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2011.12.05. № 40/393-IV шешімімен (2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.26.07. № 42/420-IV Шешімімен (2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2011 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер - 259 539 921 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер - 13 952 212 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 429 189 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 1 500 мың теңге;

трансферттердің түсімдері - 245 157 020 мың теңге;

2) шығындар - 258 506 253 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредит беру - 6 793 429 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер - 7 503 883 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 710 454 мың теңге;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 3 081 978 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу - 3 081 978 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы - - 8 841 739 мың теңге;

6) бюджеттің тапшылығын қаржыландыру - 8 841 739 мың теңге.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.