«Құрметті байланысшы» атағын беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 29 қыркүйектегі № 297 бұйрығы
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 мамырдағы № 427 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі туралы ереженің 18-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Құрметті байланысшы» атағын беру ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті:
1) осы бұйрықты ақпараттандыру және байланыс саласының қызметкерлерінің кәсіподақтарының, «Қазпошта», «Қазақтелеком», «KazTransCom», «Транстелеком» акционерлік қоғамдарының назарына жеткізсін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Мыналар:
1) «Құрметті байланысшы» атағын беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2010 жылғы 3 шілдедегі № 124 бұйрығы;
2) «Құрметті байланысшы» атағын беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2010 жылғы 3 шілдедегі № 124 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № 148 бұйрығы жойылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Жауапты хатшысы Қ.Б. Әбсаттаровқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр | А. Жұмағалиев |
Байланыс және ақпарат министрінің
2011 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 297 бұйрығымен
бекітілген
«Құрметті байланысшы» атағын беру
ережесі
1. Жалпы ережесі