Стратегиялық маңызы бар жер қойнауы учаскелерінің, кен орындарының тізбесін, сондай-ақ оларды осындайларға жатқызу критерийлерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 қазандағы № 1137 Қаулысы
(2015.07.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 28 маусымдағы № 389 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2015.07.08. № 607 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2015.07.08. № 607 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2015.07.08. № 607 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған:
1) стратегиялық маңызы бар жер қойнауы учаскелерінің, кен орындарының тізбесі;
2) жер қойнауы учаскелерін, кен орындарын стратегиялық маңызы бар жер қойнауы учаскелеріне, кен орындарына жатқызу критерийлері бекітілсін.
2. «Стратегиялық маңызы бар жер қойнауы учаскелерінің (кен орындарының) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 тамыздағы № 1213 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 36, 344-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.