(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2010.30.03 № 243 ҚАУЛЫСЫ

Өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін меншікке кейіннен өтеусіз бере отырып мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 наурыздағы № 243 Қаулысы

 

Осы редакция 2011 жылғы 6 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін меншікке кейіннен өтеусіз бере отырып мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру ережесі бекітілсін.

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін кейіннен меншікке өтеусіз беру құқығымен мүліктік жалға алуға (жалға беруге) немесе сенімгерлік басқаруға беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 сәуірдегі № 327 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 15, 156-құжат);

2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 сәуірдегі № 327 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 шілдедегі № 765 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 30, 406-құжат).

3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн еткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2010 жылғы 30 наурыздағы

№ 243 қаулысымен

бекітілген

 

 

Өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін меншікке кейіннен өтеусіз

бере отырып мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне

мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру

ережесі

 

1. Жалпы ережелер

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.