(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІНІҢ 2008.16.06 № 353 ...

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіндегі оқу-әдістемелік жұмысты жетілдіру жөніндегі шаралары туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 16 маусымдағы № 353 Бұйрығы

 

Осы редакция 2009 жылғы 23 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіндегі оқу-әдістемелік жұмысты жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесі туралы ереже;

2) Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің құрамы;

2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (С.М. Өмірбаев) осы бұйрықты жоғары оқу орындарының назарына жеткізсін.

3. «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіндегі оқу-әдістемелік жұмысты жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 19 наурыздағы № 185 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр К.Н. Шәмшидиноваға жүктелсін.

 

 

Министр

Ж. Түймебаев

 

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2008 жылғы 16 маусымдағы

№ 353 бұйрығымен бекітілген

 

 

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесі туралы

ереже

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесі (бұдан әрі - РОӘК) туралы ереже «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 7 қарашадағы Заңының 5-бабының 25-тармақшасына сәйкес әзірленген.

2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейін білім берудің РОӘК Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі құрады (бұдан әрі Министрлік) және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім берудің оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік бағдарламамен қамтамасыз ету туралы мәселелері жөніндегі шешуде консультативті кеңестік орган болып табылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.