(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ...2011.21....

Құқық қорғау органдарындағы лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 21 ақпандағы № 02-01-02/32 бұйрығы

 

Осы редакция 2011 жылғы 6 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Құқық қорғау органдарындағы лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптары бекітілсін.

2. Мемлекеттік қызметті кадрлық қамтамасыз ету департаменті (М.Ы. Өтешев) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді және ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Төраға 

Қ. Нұрпейісов

 

Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік қызмет істері

агенттігі Төрағасының

2011 жылғы 21 ақпандағы

№ 02-01-02/32 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Құқық қорғау органдарындағы лауазымдарына

үлгілік біліктілік талаптары

 

1. Осы Құқық қорғау органдарындағы лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптары (бұдан әрі - үлгілік біліктілік талаптары) «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңы 29-бабының 3-тармағын орындау мақсатында әзірленді.

2. Үлгілік біліктілік талаптары келесі құқық қорғау органдарда лауазымдарына белгіленеді:

1) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасында (бұдан әрі - БП);

2) Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінде (қаржы полициясы) (бұдан әрі - ЭСЖКА);

3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінде (бұдан әрі - ІІМ);

4) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінде (бұдан әрі - ТЖМ);

5) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінде (бұдан әрі - ҚАЖК);

6) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінде (бұдан әрі - КБК).

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.