(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) САЛЫҚ ЖӘНЕ БЮДЖЕТКЕ ТӨЛЕНЕТІН БАСҚА ДА МІНДЕТТІ Т...

Предыдущая страница

Осы тармақтың мақсатында:

1) қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомасының дұрыстығын растайтын салықтық тексеру актісі;

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) осы Кодекстің 243-245-баптарына, сондай-ақ 276-11 - 276-13-баптарына сәйкес нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдарды растайтын құжаттар;

3) осы Кодекстің 634-бабының 10-тармағында көзделген жағдайда, ресімделген салықтық тексеру актісіне қорытынды қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару үшін негіз болып табылады.

2008.10.12  № 100-IV ҚР Заңының 2-бабына сәйкес 273-бабының 5-тармағының қолданылуы 2010 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылған

5. Қосылған құн салығының асып кетуі:

2010.21.01. № 242-IV Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) мыналар:

шағын бизнес субъектілері;

шаруа немесе фермер қожалықтары;

ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші-заңды тұлғалар және селолық тұтыну кооперативтері үшін белгіленген арнаулы салық режимдерінде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын салық төлеушіге;

2) осы Кодекстің 267-бабының ережелерін қолданатын салық төлеушіге қайтарылмайды.

6. Бюджеттен қайтарылуға жататын қосылған құн салығының асып кеткен сомасын салық төлеушіге осы Кодекстің 603-бабында белгіленген тәртіппен қайтарылады.

Бюджеттен қайтарылуға жатпайтын қосылған құн салығының асып кеткен сомасы қосылған құн салығы бойынша алдағы төлемдердің шотына есептеледі. Импорт кезінде төлеуге жататын, сондай-ақ осы Кодекстің 241-бабында көзделген қосылған құн салығын төлеу шотына есепке жатқызу жүргізілмейді.

7. Салық төлеушінің декларацияда қосылған құн салығын қайтару талабы көрсетілген, бюджеттен қайтарылған және құжаттық салықтық тексеру жүргізу барысында расталмаған қосылған құн салығының асып кеткен сомасы салық төлеушінің салықтық тексеру нәтижесі туралы хабарлама негізінде бюджетке төлеуіне жатады.

Егер салық төлеушіге қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару осы Кодекстің 603-бабының 4-тармағына сәйкес осы салық төлеушінің пайдасына бұрын өсімпұл есебіне жатқызу және аудару арқылы жүргізілген болса, салықтық тексеру кезінде расталмаған, салық төлеушіге бұрын аударылған және қайтарылған қосылған құн салығының асып кеткен сомасына келетін өсімпұл салықтық тексерулердің нәтижесінде хабарлама негізінде бюджетке төленуге жатады.

8. Осы баптың 7-тармағында көрсетілген сомалар осы Кодекстің 603-бабының 4-тармағында көрсетілген мөлшерде салық төлеушінің осы сомаларды аударған күнінен бастап әр күн үшін өсімпұл есептен шығарыла отырып бюджетке төленуге жатады.

 

274-бап. Қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібі

1. Қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібі алдын-ала салықтық тексеру жүргізбей қосылған құн салығын қайтаруды жүзеге асыру болып табылады.

2. Қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы талапты көрсете отырып, қосылған құн салығы жөніндегі декларацияны табыс еткен:

1) ірі салық төлеушілер мониторингінде кемінде он екі ай қатарынан тұрған және қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы талапты көрсете отырып, қосылған құн салығы жөніндегі декларацияны табыс ететін күні салық есептілігін табыс ету бойынша орындалмаған салық міндеттемелері жоқ қосылған құн салығын төлеушілердің қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар;

2011.19.01. № 395-IV ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

1-1) қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы талап көрсетiлген, қосылған құн салығы жөніндегі декларацияны табыс ету күнi салық есептілігiн табыс ету бойынша орындалмаған салық мiндеттемелерi жоқ, осы Кодекстiң 135-1-бабының 1-тармағында айқындалған дербес білім беру ұйымдарының қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар;

Мониторингке жататын, осы тармақшада көзделген талаптарға сай келетін ірі салық төлеуші бөліну, бөлініп шығу, қайта құрылу жолымен қайта ұйымдастырылған кезде қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдану құқығы қайта ұйымдастырылған тұлғаның құқықтық мирасқорына (құқықтық мирасқорларына) өтеді.

Мониторингке жататын, осы тармақшада көзделген талаптарға сай келетін ірі салық төлеушілер қосылу немесе бірігу жолымен қайта ұйымдастырылған кезде, қосылу немесе бірігу жолымен қайта ұйымдастырылған барлық заңды тұлғалар қайта ұйымдастырылуға дейін мониторингке жататын ірі салық төлеушілер болып табылған жағдайда, қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдану құқығы құқықтық мирасқорға өтеді.

Осы тармақшаның екінші және үшінші абзацтарында аталған құқықтық мирасқорға (құқықтық мирасқорларға) қатысты қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдану құқығы мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің жаңа тізбесі қолданысқа енгізілгенге дейін әрекет етеді.

Осы кодексті қолданысқа енгізу туралы 2008.10.12  № 100-IV ҚР Заңның 27 бабын қара

2008.10.12  № 100-IV ҚР Заңның 48-бабына сәйкес 274-баптың 2-тармағының 2) тармақшасының қолданылуы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылды (2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшін жояды)

2) камералдық бақылау нәтижесінде осы тұлғаның қосылған құн салығы бойынша салық есептілігінде және оның тікелей өнім берушілері мен сатып алушыларының қосылған құн салығы бойынша салық есептілігінде көрсетілген деректері арасындағы айырмалар анықталмаған тұлға қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар.

Егер салық төлеушінің қосылған құн салығы жөніндегі декларацияны табыс ететін күні салық есептілігін табыс ету бойынша орындалмаған салық міндеттемелері болмаған жағдайда, осы тармақшаның ережелері қолданылады.

Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы аталған тұлғаларға осы тармақшаның ережелері қолданылмайды;

2008.10.12  № 100-IV ҚР Заңның 48-бабына сәйкес 274-баптың 2-тармағының 3) тармақшасының қолданылуы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылды

3) тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану нәтижесінде тәуекелдер санатына жатқызылмаған, осы бапта көзделген оңайлатылған тәртіпті қолдануға құқығы жоқ тұлғалар қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар.

3. Оңайлатылған тәртіппен қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару мынадай мерзімдерде:

2011.19.01. № 395-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) осы баптың 2-тармағының 1) және 1-1) тармақшаларында аталған қосылған құн салығын төлеушілерге - салық кезеңі ішінде қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы талап көрсетілген қосылған құн салығы жөніндегі декларацияны салық органына табыс ету үшін осы Кодексте (ұзарту кезеңін ескере отырып) белгіленген соңғы күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде;

2) егер осы тармақшада өзгеше белгіленбесе, осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында аталған қосылған құн салығын төлеушілерге - салық кезеңі ішінде қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы талап көрсетілген қосылған құн салығы жөніндегі декларацияны табыс ету үшін белгіленген соңғы күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

Қосылған құн салығы жөніндегі декларация уақтылы табыс етілмеген жағдайда, осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында аталған салық төлеушілерге қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару салық кезеңі ішінде қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы талап көрсетілген қосылған құн салығы жөніндегі декларация табыс етілген күннен бастап қырық бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі;

3) осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында аталған қосылған құн салығын төлеушілерге - салық кезеңі ішінде қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы талап көрсетілген қосылған құн салығы жөніндегі декларация салық органына табыс етілген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

 

275-бап. Грант қаражаттары есебінен сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша төленген қосылған құн салығын қайтару

1. Грант қаражаттары есебінен сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша:

1) грант алушыға - Қазақстан Республикасының грант беру туралы халықаралық шартына сәйкес бенефициар болып табылатын мемлекеттік органға, егер Қазақстан Республикасының аталған халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, орындаушыны тағайындаушыға;

2) орындаушыға - грантты іске асыру үшін грант алушы болып тағайындалған тұлғаға (бұдан әрі - орындаушы) төленген қосылған құн салығын қайтару жүргізіледі.

2. Осы баптың 1-тармағында көзделген, грант қаражаты есебінен сатып алынған тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді ұсынушыларға төленген қосылған құн салығын қайтаруды салық органдары, егер бір мезгілде мынадай шарттар сақталса:

1) грант қаражаты есебінен тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер сатып алынған грант мемлекеттер, мемлекеттердің үкіметтері, халықаралық ұйымдар желісі бойынша берілсе;

2) грант тек қана тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу үшін беріліп, олар сол мақсаттарда ғана сатып алынса;

3) тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызмет көрсетулер грант алушымен не грант мақсаттарын жүзеге асыру үшін грант алушы тағайындаған орындаушымен жасалған шартқа (келісімшартқа) сәйкес жүзеге асырылса, грант қаражаттары есебінен сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша төленген қосылған құн салығын қайтару туралы салықтық өтініш берілген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қайтарады.

3. Осы бапқа сәйкес қосылған құн салығын қайтару грант алушыларға немесе орындаушыларға осы Кодекстің 599, 604-баптарында көзделген тәртіппен, қосылған құн салығының грант қаражаттары есебінен төленгенін растайтын құжаттар негізінде жүргізіледі.

4. Осы бапқа сәйкес қосылған құн салығын қайтару үшін грант қаражаттары есебінен сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша төленген қосылған құн салығын қайтару туралы салықтық өтінішке қоса грант алушы немесе орындаушы орналасқан жері бойынша салық органына мынадай құжаттарды:

1) Қазақстан Республикасы мен шет мемлекет, шет мемлекет үкіметі не Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге енгізілген халықаралық ұйым арасындағы грант беру туралы шарттың көшірмесін;

2) грант алушы не орындаушы тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді ұсынушымен жасасқан шарттың (келісімшарттың) көшірмесін;

3) қосылған құн салығын қайтару туралы салықтық өтінішпен жүгінуі кезінде оның орындаушы ретінде тағайындалуын растайтын құжаттың көшірмесін;

4) тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің тиеп жөнелтілгенін және алынғанын растайтын құжаттарды;

5) қосылған құн салығының сомасын бөлек жазып көрсете отырып, қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын ұсынушы жазып берген шот-фактураны;

6) жүкқұжатын, тауар-көлік жүкқұжатын;

7) грант алушының немесе орындаушының материалдық жауапты адамының тауарды алғанын растайтын құжатты;

8) белгіленген тәртіппен ресімделген, грант алушы немесе орындаушы орындаған және қабылдаған тауарлардың, жұмыстар мен қызмет көрсетулердің актілерін;

9) тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді алғаны үшін ақының төленгенін, оның ішінде қосылған құн салығының төленгенін растайтын құжаттарды табыс етеді.

Осы бапта көзделген қосылған құн салығын қайтаруды қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын грант алушы немесе орындаушы да жүргізеді.

 

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 276-баптың тақырыбы өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

276-бап. Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық және оларға теңестірілген шет мемлекеттердің өкілдіктеріне, шет мемлекеттердің консулдық мекемелеріне және олардың персоналына қосылған құн салығын қайтару

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық және оларға теңестірілген шет мемлекеттердің өкілдіктеріне, шет мемлекеттердің консулдық мекемелеріне (бұдан әрі - өкілдіктер) және дипломатиялық, осы өкілдіктердің әкімшілік-техникалық персоналына жататын адамдарға (бұдан әрі - персонал), олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, консулдық лауазымды адамдар, консулдық қызметшілер - олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағында сатып алған тауарлар, орындалған жұмыстар, қызмет көрсетулер үшін қосылған құн салығын қайтару, егер осындай қайтару Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарда немесе қосылған құн салығы бойынша жеңілдіктер беру кезінде өзара түсіністік принципін растайтын құжаттарда көзделген болса, жүргізіледі.

Қосылған құн салығын қайтаруды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі бекіткен тізбеге енгізілген өкілдіктердің орналасқан жері бойынша салық органы жүзеге асырады.

2. Өзара түсіністік принципі негізінде, бірқатар өкілдіктерге қатысты қосылған құн салығын қайтарудың мөлшері мен шарттары бойынша шектеулер белгіленуі мүмкін.

Қосылған құн салығын қайтару бойынша шектеулер белгіленетін өкілдіктердің тізбесін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі уәкілетті органның келісімі бойынша бекітеді.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

3. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, қосылған құн салығын қоса алғанда, осы Кодексте белгіленген тәртіппен жазып берілген әрбір жеке шот-фактурада және төлеу фактісін растайтын құжаттарда сатып алынған тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және шот-фактураны жазып беру күнi қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшерін құраған және одан асып түскен жағдайларда, өкілдіктерге қосылған құн салығы қайтарылады.

Осы тармақта белгіленген шектеулер байланыс, электр энергиясы, су, газ және өзге де коммуналдық қызмет көрсетулерді төлеуге қолданылмайды.

4. Салық органдары өкілдіктер жасаған жиынтық ведомостардың (тізілімдердің) және қосылған құн салығының төленгенін растайтын құжаттар (осы Кодексте белгіленген тәртіппен жазып берілген шот-фактуралар, төлеу фактісін растайтын құжаттар) көшірмелерінің негізінде қосылған құн салығын қайтаруды жүзеге асырады.

Өкілдіктер персоналының мүшелеріне қатысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі берген аккредитттеу құжаттарының көшірмелері қосымша табыс етіледі.

Өкілдіктер есепті тоқсан ішінде сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша жиынтық ведомостарды (тізілімдерді) уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қағаз жеткізгіште тоқсан сайын жасайды, мөрмен куәландырылады және оған басшы не өкілдіктің соған уәкілеттік берген лауазымды адамы қол қояды.

Өкілдіктер жасаған ведомостар (тізілімдер) қосылған құн салығының төленгенін растайтын құжаттардың (осы Кодексте белгіленген тәртіппен жазылған шот-фактуралардың, төлеу фактісін растайтын құжаттардың) көшірмелерімен қоса есепті тоқсаннан кейінгі айдың ішінде, өкілдік персоналы мүшесінің (мүшелерінің) Қазақстан Республикасында болуының аяқталу мерзімі жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне беріледі.

5. Өзара түсіністік принципі расталғаннан кейін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасында тіркелген өкілдіктердің орналасқан жері бойынша салық органына қосылған құн салығының төленгенін растайтын құжаттардың (осы Кодексте белгіленген тәртіппен жазылған шот-фактуралардың, төлеу фактісін растайтын құжаттардың) көшірмелерімен қоса жиынтық ведомостарды (тізілімдерді) ілеспе құжатпен бірге береді.

6. Өкілдіктерге қосылған құн салығын қайтаруды салық органдары Сыртқы істер министрлігінен жазбаша хабарламасы бар жиынтық ведомостарды (тізілімдерді) және қосылған құн салығының төленгенін растайтын құжаттарды алғаннан кейін, отыз жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

Салық органдары жиынтық ведомостарды (тізілімдерді) және қосылған құн салығының төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін тексергеннен кейін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне қосылған құн салығын қайтару және (немесе) қайтарудан бас тарту туралы хабарлайды.

Қосылған құн салығы сомаларын қайтарудан бас тартқан жағдайда салық органдары қандай бұзушылықтар болғанын және оларға қандай құжаттар бойынша жол берілгенін хабарлайды.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

7. Өкілдіктер табыс еткен құжаттарда бұзушылықтар анықталған, оның ішінде қосылған құн салығының сомалары бөлек жазып көрсетілмеген жағдайда, салық органдары тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді ұсынушыға қарсы тексеру жүргізеді.

Егер қарсы тексеру жүргізу барысында анықталған бұзушылықтар осы баптың 6-тармағында белгіленген қайтару мерзімі ішінде жойылмаған болса, қосылған құн салығын қайтару бұзушылық анықталмаған не жойылған сомалар шегінде жүргізіледі.

Егер бұзушылықтар қарсы тексеру аяқталғаннан кейін жойылса, қосылған құн салығын қайтару қосылған құн салығының төленгенін растайтын құжаттардың (осы Кодексте белгіленген тәртіппен жазып берілген шот-фактуралардың, төлеу фактісін растайтын құжаттардың) көшірмелерімен қоса табыс етілген қосымша жиынтық ведомостардың (тізілімдердің) негізінде жүргізіледі.

Тауарлар сатып алынған, жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетілген тоқсанның ішінде қайтаруға ұсынылмаған қосылған құн салығының сомасын өкілдіктер қосылған құн салығының төленгенін растайтын құжаттардың (осы Кодексте белгіленген тәртіппен жазып берілген шот-фактуралардың, төлеу фактісін растайтын құжаттардың) көшірмелерімен қоса табыс етілген жиынтық ведомостардың (тізілімдердің) негізінде қайтаруға ұсынуы мүмкін.

8. Өкілдіктер құжаттарды салық органына қазақ және (немесе) орыс тiліндегі жолдайды.

Шет тілдерінде жасалған жекелеген құжаттар болған кезде өкілдіктің мөрі басылған қазақ және (немесе) орыс тiліндегі аудармасы табыс етіледі.

9. Қосылған құн салығын қайтаруды салық органдары өкілдіктердің және (немесе) өкілдік персоналының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының банктерінде ашқан тиісті шоттарына жүргізеді.

 

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 37-1-тараумен толықтырылды (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

37-1-тарау. Кеден одағында тауарлардың экспорты мен импорты, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету

кезінде қосылған құн салығын салу ерекшеліктері

 

276-1-бап. Жалпы ережелер

1. Осы тараудың ережелері кеден одағына мүше мемлекеттердің арасында жасалған халықаралық шарттардың негізінде белгіленген және тауарлардың экспорты мен импорты, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде қосылған құн салығы бөлігінде салық салуды, сондай-ақ кеден одағына мүше мемлекеттердің өзара саудада оған салықтық әкімшілік етуін реттейді.

Егер осы тарауда тауарлардың экспорты мен импорты, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде қосылған құн салығын салу, сондай-ақ оның салықтық әкімшілік ету бөлігінде Кодекстің басқа тарауларындағыдан өзге нормалар белгіленсе, онда осы тараудың нормалары қолданылады.

Осы тарауда тауарлардың экспорты мен импорты, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде қосылған құн салығын салуға, сондай-ақ оның салықтық әкімшілік етуіне қатысты реттелмеген мәселелер осы Кодекстің басқа тарауларымен, сондай-ақ осы Кодексті қолданысқа енгізу туралы заңнамалық актімен реттеледі.

Осы тарауда қолданылатын ұғымдар кеден одағына қатысушы мемлекеттер арасында жасалған, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген.

Егер кеден одағына қатысушы мемлекеттер арасында жасалған, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда осы тарауда пайдаланылатын ұғымдар көзделмесе, осы Кодекстің тиісті баптарында, Қазақстан Республикасының азаматтық және басқа да салаларындағы заңнамасында көзделген ұғымдар қолданылады.

Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығын өндіріп алуды Қазақстан Республикасының салық органдары салық салынатын импорттың мөлшеріне қолданылатын, осы Кодекстің 268-бабы 1-тармағында белгіленген ставка бойынша жүзеге асырады.

Кеден одағына мүше мемлекеттердің өзара саудада тауарлардың экспорты мен импорты, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде салық төлеушінің қосылған құн салығы бойынша салық міндеттемесін орындауына салықтық бақылауды салық қызметі органдары салық төлеуші табыс еткен салық есептілігінің, сондай-ақ салық төлеушінің қызметі туралы мемлекеттік органдардан және өзге де тұлғалардан алынған мәліметтердің және (немесе) құжаттардың негізінде жүзеге асырады.

Осы тараудың мақсаты үшін тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің шетел валютасындағы құны тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым, салық салынатын импорт жасалған күнгі нарықтық бағам бойынша теңгемен қайта есептеледі.

2. Осы тараудың мақсатында мүлікті лизинг (лизинг нысанасы) шарты бойынша үш жылдан артық мерзімге беру, егер ол мынадай талаптардың біріне сай келсе:

1) мүлікті (лизинг нысанасын) лизинг алушының меншігіне тіркелген баға бойынша беру лизинг шартымен анықталса;

2) лизинг мерзімі мүлік лизингі (лизинг нысанасы) бойынша берілетін пайдалы қызмет мерзімінің жетпіс бес пайызынан асса;

3) лизингтік төлемдердің ағымдағы (дисконтталған) құны лизингтің (лизинг нысанасы) бүкіл мерзімінде мүлік лизингі бойынша берілетін құнның тоқсан пайызынан асса, лизинг болып танылады.

Осы тараудың мақсатында мұндай беру лизинг берушінің мүлікті (лизинг нысанасын) сатуы және лизинг алушының осы мүлікті (лизинг нысанасын) сатып алуы ретінде қарастырылады. Бұл ретте, лизинг

алушы - лизинг нысанасының иесі ретінде, ал лизингтік төлемдер тауарлар құнының бір бөлігінің лизинг алушыға ұсынылған кредит бойынша төлемдер ретінде қарастырылады.

Осы тараудың мақсатында лизингтік төлем деп сыйақыны есептегенде лизинг шартында (келісімшартында) көзделген тауар құнының бір бөлігі түсініледі.

Осы тараудың мақсатында жоғарыда көрсетілген шарттар сақталмаған жағдайда немесе олар бойынша лизинг шарты, осындай шарттар жасалған күннен бастап үш жыл өткенге дейін бұзылған (лизинг шарты бойынша міндеттемелер тоқтатылған) жағдайда лизингтік мәмілелер лизинг деп танылмайды.

Осы тараудың мақсатында лизинг шарты бойынша сыйақы деп, осындай мүлік (лизинг нысанасы) алынған (берілген) құнды, лизинг алушы үшін лизинг беруші, өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға төленетін төлемдерді қоспағанда, мүлікті (лизинг нысанасын) лизингке беруге байланысты барлық төлемдер түсініледі.

 

276-2-бап. Кеден одағында қосылған құн салығын төлеушілер