2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Қызылорда облыстық мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 261 шешімі
(2011.31.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 6 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Қызылорда облыстық мәслихатының 2011.14.01. № 270 шешімімен (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.09.02. № 272 шешімімен (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.16.03. № 278 шешімімен (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.29.06. № 293 Шешімімен (бұр.ред.қара); 2011.19.08. № 302 шешімімен (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.05.09. № 307 шешімімен (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.14.10. № 317 шешімімен (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.31.10. № 325 шешімімен (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. 2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджет 1, 2 және 3 - қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2011 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 99 615 959 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 7 059 344 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 554 079 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 3 700 мың теңге;
трансферттер түсімдері - 91 998 836 мың теңге;
2) шығындар - 100 554 403 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру - 806 151 мың теңге;
бюджеттік кредиттер - 1 583 206;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 777 055 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 1 000 000;
қаржы активтерін сатып алу - 1 000 000;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;