Стационарлық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1464 Қаулысы
ҚР Yкiметiнiң 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 31 Қаулысымен күші жойылды
«Стационарлық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 761 бұйрығын қараңыз
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 47-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Стационарлық көмек көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 1464 қаулысымен
бекітілген
Стационарлық көмек көрсету
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Стационарлық көмек көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) меншік нысаны мен ведомстволық тиістілігіне қарамастан, стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының (бұдан әрі - стационарлар) оны көрсету тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) стационарлық көмек - тәулік бойы медициналық бақылау жасалатын, білікті, мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек ұсыну нысаны;
2) Ауруханаға жатқызу бюросы порталы - тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі - ТМККК) шеңберінде пациенттерді стационарға жоспарлы емдеуге жатқызу жолдамаларын электрондық тіркеудің, есепке алудың, өңдеудің және сақтаудың бірыңғай жүйесі.
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.