«Стационарды алмастыратын көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 желтоқсандағы № 1472 Қаулысы (күші жойылды)

Стационарды алмастыратын көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 желтоқсандағы № 1472 Қаулысы

 

ҚР Yкiметiнiң 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 31 Қаулысымен күші жойылды

 

«Стационарды алмастыратын көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 17 тамыздағы № 669 бұйрығын қараңыз

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 48-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Стационарды алмастыратын көмек көрсету қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 6 желтоқсандағы

№ 1472 қаулысымен

бекітілген

 

 

Стационарды алмастыратын көмек көрсету

қағидалары

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Стационарды алмастыратын көмек көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) меншік нысанына қарамастан медициналық ұйымдардың стационарды алмастыратын көмек көрсету тәртібін белгілейді.

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) стационарды алмастыратын көмек - бір күннің ішінде ұзақтығы төрт сағаттан сегіз сағатқа дейін болатын медициналық бақылауы бар дәрігерге дейінгі, білікті, мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек ұсыну нысаны;

2) күндізгі стационар - халыққа стационарды алмастыратын көмек көрсететін медициналық ұйымның құрылымдық бөлімшесі;

3) үйдегі стационар - халыққа стационарды алмастыратын көмекті үйде көрсету.

3. Стационарды алмастыратын көмекті тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі - ТМККК) шеңберінде, оның ішінде республикалық бюджет қаражатының есебінен ұсынылатын медициналық қызметтің тиісті түрлеріне лицензиясы бар медициналық ұйымдар көрсетеді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.