«ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамының жаңа редакциядағы Жарғысын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 10 қарашадағы № 05-4/650 бұйрығы
«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңының 36-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қоғам) жаңа редакциядағы Жарғысы бекітілсін.
2. Ауыл шаруашылығы вице-министрі М.Т. Өмірияевқа - Қоғамның Директорлар кеңесінің төрағасына жалғыз акционердің атынан Қоғамның жаңа редакциядағы Жарғысына қол қою өкілеттігі берілсін.
3. Ауыл шаруашылығы вице-министрі М.Т. Өмірияев - Қоғамның Директорлар кеңесінің төрағасы осы бұйрықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы бұйрық Қоғамның жалғыз акционерінің шешімі болып табылады және қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Министр | А. Мамытбеков |
Ауыл шаруашылығы министрінің
2011 жылғы 10 қарашадағы
№ 05-4/650 бұйрығымен
БЕКІТІЛГЕН
«ҚАЗАГРОИННОВАЦИЯ»
АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ
ЖАРҒЫСЫ
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қоғам) осы Жарғысы (бұдан әрі - Жарғы) заңды тұлға ретінде Қоғамның құқықтық мәртебесін айқындайды.
мемлекеттік тілде:
полное «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамы;
сокращенное: «ҚазАгроИнновация» АҚ;
на русском языке:
полное: акционерное общество «КазАгроИнновация»;
сокращенное:
АО «КазАгроИнновация»;
на английском языке:
полное: Joint Stock Company «KazAgroInnovations»;
JSC «KazAgroInnovations»;
3. Қоғамның атқарушы органының тұрған жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Алматы ауданы, Ақжол көшесі, 26-үй.
4. Қоғамның корпоративтік интернет-ресурсы: - www.agroinnovation.kz.