Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретiнде қызметтi жүзеге асыру үшін, өтiнiм беретін жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2011 жылғы 21 қарашадағы № 425 бұйрығы
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 11 шілдедегі № 501 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2 тармағының 8) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретiнде қызметтi жүзеге асыру үшін, өтiнiм беретін жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне қойылатын талаптар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестиция комитеті (А.Ж. Серіков) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің бірінші вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.