Жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар баланы қабылдайтын ата-аналарға көрсетілген шартта көзделген мерзімге тәрбиелеуге беріледі.
Баланы қабылдайтын отбасына берілген әрбір жетім балаға, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаға жеке шарт жасалады.
Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды баланы қабылдайтын отбасына беру туралы шарттың мерзімі аяқталған жағдайда, оның отбасында болу мерзімін ұзарту жаңа шарттың негізінде жүргізіледі.
2. Баланы қабылдайтын ата-аналарға еңбекақы және ақшалай төлемдер төлеу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
3. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды баланы қабылдайтын ата-аналарға беру туралы шартты мерзімінен бұрын бұзу:
1) дәлелді себептер (ауруы, отбасылық немесе материалдық жағдайының өзгеруі, баламен өзара түсіністіктің болмауы, балалар арасындағы жанжалды қатынастар және басқалар) болған кезде баланы қабылдайтын ата-аналардың бастамасы бойынша;
2) жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды күтіп-бағу, тәрбиелеу және оларға білім беру үшін қолайсыз жағдайлар туындаған кезде қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның немесе жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар болған білім беру ұйымының бастамасы бойынша;
2024.30.12. № 148-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2025 ж. 11 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органмен келісу бойынша бала ата-аналарына, өзге де заңды өкілдеріне қайтарылған немесе бала асырап алынған жағдайларда мүмкін болады.
132-3-бап. Баланы қабылдайтын ата-аналар
1. Баланы қабылдайтын ата-аналар тәрбиелеуге қабылданған жетім балаларға, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға қатысты қорғаншылар мен қамқоршылар сияқты дәл сондай құқықтар мен міндеттерді иеленеді. Оларға осы Кодекстің 122-бабының 1-тармағында көзделген талаптар қойылады.
2. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды күтіп-бағу, тәрбиелеу және оларға білім беру үшін қолайлы жағдайлар жасау үшін баланы қабылдайтын ата-аналардың меншік құқығында әр адамға кемiнде он бес шаршы метр мөлшерінде жеке тұрғынжайы немесе пайдалану құқығымен тұрғынжайы болуға тиіс.
2024.30.12. № 148-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2025 ж. 11 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Баланы қабылдайтын ата-аналар кемінде алты айда бір рет жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар болған білім беру ұйымдарына денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша баланың денсаулық паспортының көшірмесін және қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарға оларды тәрбиелеу жөніндегі жұмыс туралы, оларды күтіп-бағуға бөлінген ақшаны жұмсау және олардың мүлкін басқару туралы есептерді ұсынуға міндетті.
132-4-бап. Баланы қабылдайтын отбасына берілетін жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар
1. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды баланы қабылдайтын отбасына беру туралы шарт бойынша беру үшін оларды алдын ала таңдауды жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар болатын білім беру ұйымымен және қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органмен келісу бойынша жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдар жүзеге асырады.
Балалардың мүдделеріне сай келетін және балалар өзінің туыстық қатынасы туралы білмейтін, бірге тұрмаған және бірге тәрбиеленбеген жағдайларды қоспағанда, аға-інілер мен апа-сіңлілерді (қарындастарды) ажыратуға жол берілмейді.
2. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды баланы қабылдайтын ата-аналарға беру олардың пікірлері ескеріле отырып жүзеге асырылады. Он жасқа толған жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар өздерінің келісімдерімен ғана берілуі мүмкін.
3. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды беру кезінде баланы қабылдайтын ата-аналардың имандылық және өзге де жеке қасиеттері, баланы қабылдайтын ата-аналардың міндеттерін орындауға олардың қабілеттілігі, баланы қабылдайтын ата-аналар мен жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар арасындағы қарым-қатынастар ескеріледі.
2024.30.12. № 148-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2025 ж. 11 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Баланы қабылдайтын ата-аналарға берілген жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар өздеріне тиесілі алименттерге, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін ата-аналарының зейнетақы төлемдеріне, жәрдемақыларға және басқа да әлеуметтік төлемдерге құқығын, сондай-ақ тұрғынжайға және өзге де мүлікке меншік құқығын және (немесе) тұрғынжайды және өзге де мүлікті пайдалану құқығын сақтайды. Тұрғынжай болмаған кезде баланы қабылдайтын ата-аналарға берілген жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес оларға тұрғынжай берілуіне құқығы бар.
Жетім балаларға, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға тиесілі ақшалай қаражатты және басқа да мүлікті сақтау жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды баланы қабылдайтын ата-аналарға беру туралы шарттың қолданылу уақытында баланы қабылдайтын ата-аналарға жүктеледі.
Баланы қабылдайтын ата-аналарға берілген жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар осы Кодекстің 60, 61, 62 және 67-баптарында көзделген құқықтарды да иеленеді.
132-5-бап. Баланы қабылдайтын ата-аналарға берілген жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды күтіп-бағуды қаржыландыру
Баланы қабылдайтын ата-аналарға берілген жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды күтіп-бағуды қаржыландыру Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы белгілеген тәртіппен және мөлшерде жүзеге асырылады.
2024.30.12. № 148-VIII ҚР Заңымен 17-2-тараумен толықтырылды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
17-2-тарау. БАЛАНЫ ҚАБЫЛДАЙТЫН КӘСІБИ ОТБАСЫ
132-6-бап. Баланы қабылдайтын кәсіби отбасы
1. Баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілер мен қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган арасында жасалған, баланы қабылдайтын кәсіби отбасына Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 1), 2) 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балаларды беру туралы шарт баланы қабылдайтын кәсіби отбасына Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 1), 2) 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балаларды беруге негіз болып табылады.
Баланы қабылдайтын кәсіби отбасы ағалы-інілілер мен апалы-сіңлілілерді (қарындастарды) қоспағанда, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 1), 2) 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж төртеуден аспайтын баланы тәрбиелеуге қабылдайды.
2. Баланы қабылдайтын кәсіби отбасы туралы ережені Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы бекітеді.
3. Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның баланы қабылдайтын кәсіби отбасыларға олардың тұрғылықты жері бойынша алдын ала хабарламай баруға құқығы бар.
4. Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 2), 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балаларды ата-аналарына қайтару жөніндегі, ал Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балаларды ата-аналарына қайтару мүмкін болмаған кезде - оларды отбасына (асырап алу, қорғаншылық немесе қамқоршылық, патронат, баланы қабылдайтын отбасы) тәрбиелеуге беру жөніндегі шараларды басым тәртіппен қабылдауға міндетті.
132-7-бап. Баланы қабылдайтын кәсіби отбасына Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 1), 2) 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балаларды беру туралы шарт
1. Баланы қабылдайтын кәсіби отбасына Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 1), 2) 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балаларды беру туралы шартта (бұдан әрі - баланы қабылдайтын кәсіби отбасына балаларды беру туралы шарт) балаларды күтіп-бағу, тәрбиелеу және оларға білім беру жағдайлары, баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ осындай шартты тоқтатудың негіздері мен салдарлары көзделуге тиіс.
Баланы қабылдайтын кәсіби отбасына балаларды беру туралы шарт алты ай мерзімге, бір реттен асырмай сол мерзімге ұзарту құқығымен жасалады.
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 1), 2) 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж, баланы қабылдайтын кәсіби отбасына берілген әрбір балаға, баланы қабылдайтын кәсіби отбасына балаларды беру туралы жеке шарт жасалады.
2. Баланы қабылдайтын кәсіби отбасына балаларды беру туралы шарт:
1) дәлелді себептері (науқастануы, отбасылық немесе материалдық жағдайының өзгеруі, баламен өзара түсіністіктің болмауы, балалар арасындағы жанжалдар және басқалар) болған кезде баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілердің бастамасы бойынша;
2) балаларды күтіп-бағу, тәрбиелеу және оларға білім беру үшін қолайсыз жағдайлар туындаған кезде қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның бастамасы бойынша;
3) қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органмен келісу бойынша бала ата-аналарына, өзге де заңды өкілдеріне қайтарылған немесе бала асырап алынған жағдайларда мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін.
132-8-бап. Баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілер
1. Отыз жасқа толған, бірақ алпыс үш жастан аспаған, осы Кодекстің 122-бабының 1-тармағында көзделген талаптарға сай келетін, баланы қабылдайтын кәсіби отбасы туралы ережеде айқындалған тәртіппен баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиеші деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтары баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілер бола алады.
Баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілер Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 1), 2) 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж, тәрбиелеуге қабылданған балаларға қатысты қорғаншылар мен қамқоршылар сияқты дәл сондай құқықтар мен міндеттерді иеленеді.
2. Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 1), 2) 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балаларды күтіп-бағуға, тәрбиелеуге және оларға білім беруге қолайлы жағдайлар жасау үшін баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілердің меншік немесе пайдалану құқығында әрбір адамға кемінде он бес шаршы метр мөлшерінде тұрғынжайы болуға тиіс.
3. Баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілер қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 2), 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балаларды ата-аналарына қайтаруға, ал Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балаларды ата-аналарына қайтару мүмкін болмаған кезде - оларды отбасына (асырап алу, қорғаншылық немесе қамқоршылық, патронат, баланы қабылдайтын отбасы) тәрбиелеуге беруге жәрдемдеседі.
4. Баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілерді іріктеу, оқыту, баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиеші деп тану туралы қорытынды беру, сондай-ақ баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілердің еңбегіне ақы төлеу тәртібі баланы қабылдайтын кәсіби отбасы туралы ережеде айқындалады.
5. Баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілер қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарға Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балалардың денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша денсаулық паспортының көшірмесін және оларды тәрбиелеу жөніндегі жұмыс туралы, оларды күтіп-бағуға бөлінген ақшаның жұмсалғаны және олардың мүлкін басқару туралы есептерді тоқсан сайын ұсынуға міндетті.
Баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілердің Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балалардың банк шоттарынан ақша алуға құқығы жоқ.
132-9-бап. Баланы қабылдайтын кәсіби отбасына берілетін, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балалар
1. Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балаларды баланы қабылдайтын кәсіби отбасына беруді қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдар баланы қабылдайтын кәсіби отбасы туралы ережеде белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
Баланы қабылдайтын кәсіби отбасына Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балаларды беру үшін баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілер оларды алдын ала таңдауды жүзеге асырмайды.
2. Балалардың заңды мүдделеріне сай келетін және балалар өздерінің туыстығы туралы білмейтін, бірге тұрмаған және тәрбиеленбеген жағдайларды қоспағанда, ағалы-інілілер мен апалы-сіңлілілерді (қарындастарды) ажыратуға жол берілмейді.
3. Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балаларды баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілерге беру олардың пікірлері ескеріліп жүзеге асырылады. Он жасқа толған балалар өзінің келісімімен ғана берілуі мүмкін.
4. Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балаларды беру кезінде баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілердің адамгершілік және өзге де жеке қасиеттері, олардың баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиеші міндеттерін орындау қабілеті ескеріледі.
5. Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж, баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілерге берілген балалар өздеріне тиесілі алименттерге, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін ата-аналарының зейнетақы төлемдеріне, жәрдемақыларға және басқа да әлеуметтік төлемдерге құқығын, сондай-ақ тұрғынжайға және өзге де мүлікке меншік құқығын және (немесе) тұрғынжайды және өзге де мүлікті пайдалану құқығын сақтайды. Тұрғынжайы болмаған кезде баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілерге берілген жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес оларға тұрғынжай берілуіне құқығы бар.
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балаларға тиесілі ақша мен өзге де мүліктің сақталуы қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға жүктеледі.
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж, баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілерге берілген балалардың тұрғынжайын иеліктен шығару, оның ішінде айырбастау немесе сыйға тарту бойынша мәмілелер жасасуға немесе олардың атынан кепілгерлік шартын, тұрғынжайды өтеусіз пайдалануға беру немесе кепілге салу бойынша мәмілелерді, заң жүзінде, өсиет бойынша оларға тиесілі мұрагерлік құқықтардан бас тартуына, олардың тұрғынжайын бөлуге немесе одан үлесті бөліп алуға әкеп соқтыратын мәмілелерді жасасуға жол берілмейді.
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж, баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілерге берілген балалар осы Кодекстің 60, 61, 62 және 67-баптарында көзделген құқықтарды да иеленеді.
132-10-бап. Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж, баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілерге берілген балаларды күтіп-бағу
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж, баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілерге берілген әрбір баланы күтіп-бағуға баланы қабылдайтын кәсіби отбасы туралы ережеге сәйкес ай сайын ақша төленеді.
133-бап. Патронат
1. Патронат нысанындағы қорғаншылық немесе қамқоршылық кәмелетке толмаған жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, оның ішінде білім беру ұйымдарындағы, медициналық немесе басқа да ұйымдардағы балаларға белгіленеді.
2. Баланы тәрбиелеуге алуға тілек білдірген адам мен қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган арасында жасалған баланы патронаттық тәрбиелеуге беру туралы шарт патронаттың туындауына негіз болып табылады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Патронаттық тәрбие туралы ережені Қазақстан Республикасының балалар құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы бекітеді.
134-бап. Баланы патронаттық тәрбиелеуге беру туралы шарт
1. Баланы патронаттық тәрбиелеуге беру туралы шарт баланы күтіп- бағу, тәрбиелеу және білім беру жағдайларын, патронат тәрбиешілердің құқықтары мен міндеттерін, патронат тәрбиешілерге қатысты қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның міндеттерін, сондай-ақ мұндай шарттың тоқтатылу негіздері мен салдарларын көздеуге тиіс.
Бала патронат тәрбиешіге көрсетілген шартта көзделген мерзімге тәрбиелеуге беріледі.
Патронаттық тәрбиелеуге берілген әрбір балаға жеке шарт жасалады.
Баланы патронаттық тәрбиелеуге беру туралы шарттың мерзімі аяқталған жағдайда, оның отбасында болу мерзімін ұзарту жаңа шарттың негізінде жүргізіледі.
2. Патронат тәрбиешілердің еңбегіне ақы және оларға ақшалай төлем төлеу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.
3. Баланы патронаттық тәрбиелеуге беру туралы шарт:
1) дәлелді себептері (науқастануы, отбасылық немесе материалдық жағдайының өзгеруі, баламен өзара түсіністіктің болмауы, балалар арасындағы жанжалдар және басқалар) болған кезде патронат тәрбиешілердің бастамасы бойынша;
2) баланы күтіп-бағу, тәрбиелеу және білім беру үшін қолайсыз жағдайлар туындаған кезде қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның бастамасы бойынша;
2024.30.12. № 148-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2025 ж. 11 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органмен келісу бойынша бала ата-аналарына, өзге де заңды өкілдеріне қайтарылған немесе бала асырап алынған жағдайларда мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін.
1. Патронат тәрбиешілердің тәрбиелеуге қабылдап алынған балаға қатысы бойынша қорғаншылар мен қамқоршылар сияқты құқықтары мен міндеттері болады. Оларға осы Кодекстің 122-бабында көзделген талаптар қойылады.
2. Патронат тәрбиешілерді іріктеуді қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдар Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен патронат тәрбиешілерге қойылатын талаптар туралы қағидаларға сәйкес жүргізеді.
136-бап. Патронат белгіленетін бала
1. Баланы патронаттық тәрбиелеуге беру туралы шарт бойынша беру үшін оны алдын ала таңдауды қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органмен және баланы күтіп-бағатын ұйым әкімшілігінің келісімі бойынша баланы отбасына қабылдауға тілек білдірген адамдар жүзеге асырады.
Ағалы-інілерді, апалы-сіңлілерді ажыратуға, бұл балалардың мүдделеріне сай келетін және балалар өздерінің туыстығы туралы білмеген, бірге тұрмаған және бірге тәрбиеленбеген жағдайларды қоспағанда, жол берілмейді.
2. Баланы патронат тәрбиешілерге беру оның пікірі ескеріле отырып, жүзеге асырылады. Он жасқа толған бала оның келісімімен ғана берілуі мүмкін.
2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.30.12. № 148-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 11 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Патронат тәрбиешілерге берілген бала өзіне тиесілі алименттерге, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін ата-аналарының зейнетақы төлемдеріне, жәрдемақыларға және басқа да әлеуметтік төлемдерге құқығын, сондай-ақ тұрғынжайға және өзге де мүлікке меншік құқығын және (немесе) тұрғынжайды және өзге де мүлікті пайдалану құқығын сақтайды. Патронат тәрбиешілерге берілген баланың тұрғын жайы болмаған кезде Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес оған тұрғын жай берілуіне құқығы бар.
Тәрбиеленушіге тиесілі ақшалай қаражатты және басқа да мүлікті сақтау баланы патронаттық тәрбиелеуге беру туралы шарттың қолданылу уақытына патронат тәрбиешіге жүктеледі.
Патронат тәрбиешілерге берілген бала осы Кодекстің 60-62 және 67-баптарында көзделген құқықтарға да ие болады.
137-бап. Патронат тәрбиешілерге берілген баланы күтіп-бағу
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Патронат тәрбиешілерге берілген әрбір баланы күтіп-бағуға Қазақстан Республикасының балалардың құқық тарын қорғау саласындағы уәкілетті органы белгілеген тәртіппен және мөлшерде ай сайын ақшалай қаражат төленеді.
2. Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган патронат тәрбиешілерге қажетті көмек көрсетуге, баланың өмірі мен тәрбиесіне қалыпты жағдай жасауға жәрдемдесуге міндетті, сондай-ақ патронат тәрбиешілерге жүктелген баланы күтіп-бағу, тәрбиелеу және білім беру жөніндегі міндеттердің орындалуын бақылауды жүзеге асыруға міндетті.
2016.09.04. № 501-V ҚР Заңымен Кодекс 18-1-тараумен толықтырылды
18-1-тарау. Бала қонақтайтын отбасы