Патронаттық тәрбие туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 14 бұйрығы
(2026.23.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 2026.05.05. № 117-НҚ бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 23 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 133-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Патронаттық тәрбие туралы ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (З. Оразалиева):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 16 қаңтардағы
№ 14 бұйрығымен
бекітілген
Патронаттық тәрбие туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 2026.05.05. № 117-НҚ бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 23 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы Патронаттық тәрбие туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 133-бабының 3-тармағына (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес әзірленді.