«Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 10 маусымдағы № 136 бұйрығына өзгеріс және толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011 жылғы 24 қазандағы № 295 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 10 маусымдағы № 136 бұйрығына өзгеріс және толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011 жылғы 24 қазандағы № 295 бұйрығы

 

«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 2-тармағына сәйкес, бұйырамын:

1. «Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснаманы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 10 маусымдағы № 136 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6334 болып тіркелген, 2010 жылғы 28 шілдеде № 196 (26257) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснамада:

8 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Ауылдық (селолық), кенттік әкімшіліктер бес жылда бір рет 1 қаңтардағы жағдай бойынша әр шаруашылық бойынша есепке алу кітаптарының (№1 нысан) және әліпбилік кітаптарының (№ 3-нысан) бетін белгілеуді жүргізеді. Әр шаруашылық бойынша кітаптардың (бұдан әрі - әр шаруашылық бойынша кітаптар) бетін белгілеу 1 және 15 қаңтар аралығындағы кезеңде барлық үйлерді аралап шығу және халық арасында сауалдама жүргізу арқылы жүргізіледі.

Ауылдық (селолық), кенттік әкімшіліктердің аумағында уақытша тұратын адамдардың тізімі (№2 нысан) жыл сайын жасалады және жыл бойы жүйелі жүргізіледі.

Кейінгі төрт жылда жылына екі рет ауылдық (селолық), кенттік әкімшіліктер бұрын жүргізіліп келе жатқан әр шаруашылық бойынша кітаптардағы тіркеу жазбаларына нақтылауды жүргізеді. Тіркеу жазбаларын нақтылау 1 қаңтардағы жағдай бойынша - қаңтардың 1-інен 15-іне дейін, 1 шілдедегі жағдай бойынша - шілденің 1-інен 15-іне дейін жүргізіледі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.