«Әуе кемелерiнiң халықаралық ұшуын қамтамасыз етуге арналған әуежайларды ашу және жабу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 27 қазандағы № 651 бұйрығы (2023.15.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Әуе кемелерiнiң халықаралық ұшуын қамтамасыз етуге арналған әуежайларды ашу және жабу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 27 қазандағы № 651 бұйрығы

(2023.15.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2015.27.11. № 1115 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 70-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2015.27.11. № 1115 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қоса беріліп отырған Әуе кемелерінің халықаралық ұшуын қамтамасыз етуге арналған әуежайларды ашу және жабу қағидалары бекітілсін.

2. «Халықаралық ұшуларды орындау үшін Қазақстан Республикасының әуеайлақтарын ашу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2002 жылғы 27 желтоқсандағы № 442-1 бұйрығының (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 1 ақпанда № 2146 тіркелген) күші жойылған деп танылсын.

3. Азаматтық авиация комитеті (Р.Ө.Әдимолда) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ғ.Бектұровқа жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.