«Әуе кемелерінің халықаралық ұшуын қамтамасыз етуге арналған әуежайларды ашу және жабу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 27 қазандағы № 651 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2026 жылғы 25 сәуірдегі № 97 бұйрығы

 «Әуе кемелерінің халықаралық ұшуын қамтамасыз етуге арналған әуежайларды ашу және жабу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 27 қазандағы № 651 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2026 жылғы 25 сәуірдегі № 97 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Әуе кемелерінің халықаралық ұшуын қамтамасыз етуге арналған әуежайларды ашу және жабу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 27 қазандағы № 651 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7313 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 70-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әуе кемелерінің халықаралық ұшуын қамтамасыз етуге арналған әуежайларды ашу және жабу қағидаларында:

2-тармақ мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:

«12-1) халықаралық әуежай - кедендiк, шекаралық және санитарлық-карантиндiк бақылау ұйымдастырылған халықаралық әуе тасымалдарын қамтамасыз ететiн әуежай.»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Әуежайларда әуе кемелерінің халықаралық ұшуын қамтамасыз ету үшін ашу кезінде мыналар болады:

1) әуеайлақтың қолданыстағы жарамдылық сертификаты, шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне жерде қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге арналған техника, жабдықтар және авиация персоналы;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.