Спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бірлестіктерді аккредиттеуді өткізуге және аккредиттeу туралы куәлікті беруге арналған өтініштің нысанын және аккредиттeу туралы куәліктің нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің м.а. 2011 жылғы 29 қарашадағы № 02-02-18/222 бұйрығы
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 121 бұйрығымен күші жойылды
«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 23-бабының 14-1)-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 желтоқсандағы № 1288 қаулысымен бекітілген Спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бірлестіктерді аккредиттеу қағиданың 5-тармағының 1)-тармақшасына, 9 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бірлестіктерді аккредиттеуді өткізуге және аккредиттeу туралы куәлікті беруге арналған өтініштің нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бірлестіктерді аккредиттeу туралы куәліктің нысаны осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Дене шынықтыру және спорт саласындағы республикалық қоғамдық бірлестіктерді аккредиттеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2004 жылғы 19 ақпандағы № 06-2-2/51 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 5 наурызда № 2730 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2004 ж., № 13-16, 917-құжат жарияланған);