Дене шынықтыру және спорт саласындағы республикалық қоғамдық бірлестіктерді аккредиттеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің 2004 ж. 19 ақпандағы № 06-2-2/51 бұйрығы (2011.12.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Дене шынықтыру және спорт саласындағы республикалық қоғамдық бiрлестiктердi аккредиттеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің 2004 ж. 19 ақпандағы № 06-2-2/51 бұйрығы

(2011.12.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 2011 жылғы 29 қарашадағы № 02-02-18/222 бұйрығымен күші жойылды

 

«Дене шынықтыру және спорт саласындағы республикалық қоғамдық бiрлестiктердi аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 22 желтоқсандағы № 1288 қаулысын iске асыру мақсатында бұйырамын:

1. Қоса берiлiп отырған Дене шынықтыру және спорт саласындағы республикалық қоғамдық бiрлестiктердi аккредиттеу жөніндегі нұсқаулық бекітілсiн.

2. Жоғары жетiстiктер спорты және спорт резервi басқармасы белгiленген тәртiппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігіне мемлекеттік тiркеуге ұсынсын.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттiк Төрағасының орынбасары Е.Б.Қанағатовқа жүктелсiн.

4. Бұйрық мемлекеттік тiркеуден өткен күннен бастап күшiне енедi.

 

 

Төрағаның

міндетін атқарушы

 

Қазақстан Республикасы Туризм

және спорт жөніндегі агенттiгi

Төрағасының мiндетiн атқарушының

2004 жылғы 19 ақпандағы

«Дене шынықтыру және спорт

саласындағы республикалық

қоғамдық бiрлестiктердi

аккредиттеу жөніндегі

нұсқаулықты бекіту туралы»

№ 06-2-2/51 бұйрығымен

бекітілген

Дене шынықтыру және спорт саласындағы республикалық қоғамдық

бiрлестiктердi аккредиттеуден өткізу жөніндегі

НҰСҚАУЛЫҚ

1. Жалпы ережелер

1. Осы дене шынықтыру және спорт саласындағы республикалық қоғамдық бiрлестiктердi аккредиттеуден өткізу туралы нұсқаулық (бұдан әрi - Нұсқаулық) «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және «Дене шынықтыру және спорт саласындағы республикалық қоғамдық бiрлестiктердi аккредиттеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 22 желтоқсандағы № 1288 қаулысын iске асыру мақсатында әзiрлендi.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.