4) Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiн сақтау мақсатында, оның iшiнде айрықша кезеңде және табиғи, техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, карантиндер, өзге де төтенше жағдайлар туындаған кезде байланыс желiлерiнiң үздiксiз және тұрақты пайдаланылуын қамтамасыз етуге;
5) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің және өзге де заңмен қорғалатын құпияның таралуы мен жоғалуын анықтауға, алдын алуға және жолын кесуге;
6) ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіре отырып, ақпаратты әдейі бұрмалаумен және дәйексіз ақпаратты таратумен байланысты қоғамдық және жеке санаға ақпараттық ықпал етуге жол бермеуге;
7) мемлекеттік шешімдер тұжырымдау мен қабылдау процесіне ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіре отырып, жасырын ақпараттық ықпал ету тетіктерін табуға және бұзуға;
8) мемлекеттік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтер айналыста болатын ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді және байланыс инфрақұрылымын қорғаудың тиімді жүйесін қолдауға және дамытуға бағытталған шешімдерімен және іс-қимылдарымен қамтамасыз етіледі.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасында ақпараттық қауіпсіздікті, оның iшiнде мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелердің, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұлттық жүйесі құрылады және нығайтылады.
3. Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерiн қорғау және ақпараттық оқшаулануын болдырмау мақсатында мемлекеттiк уәкiлеттi органдар инвесторларға берiлетiн кепiлдiктердi сақтай отырып, магистральдық байланыс желілерін басқару мен пайдалануды жүзеге асыратын ұйымдардың, сондай-ақ шетелдіктер қатысатын ұйымдардың басқаруындағы немесе меншiгiндегi байланыс желiлерiнің қызметiне заңнамада айқындалған тәртiппен бақылау жасауды жүзеге асырады.
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Жеке және заңды тұлғалар байланыс желiлерiн салу, пайдалану және дамыту мәселелерi жөнiнде шешiм қабылдау кезiнде байланыс саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ұлттық қауiпсiздiкті сақтау талаптарын басшылыққа алуға тиiс.
Терроризмге қарсы операциялар жүргізу және жаппай тәртіпсіздіктің жолын кесу кезінде жедел штаб басшысының шешімі бойынша байланыс желілерінің иелері мен «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-1-бабының 1-2-тармағына сәйкес жеке және (немесе) заңды тұлғаларға байланыс қызметтерін көрсетуді тоқтата тұру және (немесе) байланыс желілері мен құралдарын пайдалануды шектеу, сондай-ақ байланыс желілері мен құралдарының жұмыс режимін өзгерту туралы орындалуға міндетті нұсқау берілуі мүмкін.
1) Қазақстан Республикасының ақпараттық кеңiстiгiн қалыптастыру және оның үздiксiз жұмыс iстеуi;
2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасының әлемдiк байланыс және ақпараттандыру жүйесiне кiруi;
3) Қазақстан Республикасының ақпараттық ресурстарын, ақпараттық жүйелерін және байланыс инфрақұрылымын қорғауды қамтамасыз ету және оның деңгейін арттыру жөніндегі ұлттық мүдделеріне қайшы келетiн шешiмдер қабылдауға және iс-қимыл жасауға жол берiлмейдi.
1) мазмұны ұлттық қауiпсiздiкке нұқсан келтiретiн шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының баспа өнімдері мен өнімін Қазақстан Республикасының аумағында таратуға;
2) мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария етуге;
3) шетелдiк жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасындағы бұқаралық ақпарат құралының немесе осы салада қызметiн жүзеге асыратын меншік иесі - заңды тұлғаның акцияларының (үлесiнiң, пайлардың) 20 пайызынан астамын тiкелей және (немесе) жанама түрде иеленуiне, пайдалануына, билiк етуiне және (немесе) басқаруына;
2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) шетел азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдiк заңды тұлғалардың магистральдық байланыс желілерін Қазақстан Республикасының аумағында заңды тұлға құрмай басқаруына немесе пайдалануына;
2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.10.02. № 164-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 22 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5) тармақша өзгертілді
5) басқару орталығы Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан байланыс желілерін оның аумағында құруға және пайдалануға, сондай-ақ осындай байланыс желісінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін телекоммуникация құралдарын əкелуге, өткізуге жəне өзге де беруге тыйым салынады.
Осы тармақшаның талаптары пилоттық жоба шеңберінде геостационарлық емес спутниктерді қолдана отырып Қазақстан Республикасының аумағында байланыс желілерін пайдалануға қолданылмайды.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген талаптарды сақтамай, геостационарлық емес спутниктерді қолдана отырып байланыс желілерін пайдалану жөніндегі пилоттық жоба 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
Геостационарлық емес спутниктерді қолдана отырып байланыс желілерін пайдалану тәртібін байланыс саласындағы уәкілетті орган ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу бойынша айқындайды;
2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) байланыс саласындағы уәкiлеттi органның, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдарының келiсiмiнсiз, қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторы ретiнде байланыс желісін иеленушi және (немесе) оларды басқару немесе пайдалану жөнiндегi қызметтi жүзеге асырушы ұйымның дауыс беретiн акцияларының, сондай-ақ үлестерiнiң, пайларының 10 пайызынан астамын жеке және заңды тұлғалардың дербес немесе тұлғалар тобы құрамында сатып алуына немесе өзгеше меншiкке алуына;
2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7) тармақша өзгертілді
7) ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілген, байланыс саласындағы уәкілетті органның қорытындысына негізделген, Қазақстан Республикасы Үкіметінің оң шешімінсіз қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторы ретiнде телекоммуникациялар саласындағы қызметтi жүзеге асырушы, жер бетiндегi (кәбілдік, оның iшiнде талшықты-оптикалық, радиорелелiк) байланыс желілерін иеленуші заңды тұлғаның дауыс беретiн акцияларының, сондай-ақ үлестерiнiң, пайларының жиынтығында 49 пайыздан астамыншетел азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдiк заңды тұлғалардың тiкелей және (немесе) жанама түрде иеленуiне, пайдалануына, билiк етуiне және (немесе) басқаруына;
2016.28.12. № 36-VI ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.10.02. № 164-VIII ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2025 ж. 22 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) жедел-iздестiру, қарсы барлау іс-шараларын қамтамасыз ету жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарына сәйкес келмейтiн байланыс желiлерiн құруға немесе дамытуға, оның ішінде пайдалануға беруге тыйым салынады.
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Байланыс және ақпарат саласында ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың акцияларын (үлестерiн, пайларын) иелену немесе олардың қызметiне қатысу бөлiгiндегi өзге де шектеулер Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленедi.
24-бап. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
1. Экологиялық қауіпсіздік мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен лауазымды адамдардың:
1) табиғи ресурстарды сақтауға, ұтымды пайдалануға және қалпына келтіруге;
2) қоршаған орта мен ел халқы үшін антропогендік факторлардың қауіптілік деңгейін азайтуға;
3) өндірістік күштерді дамыту мен орналастырудың экологиялық-экономикалық теңгерімділігін қамтамасыз етуге;
2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) қоршаған орта және экологиялық апат аймақтарында тұратын Қазақстан Республикасының халқы үшін теріс салдарларды жоюға;
5) экономиканы, заңнаманы және қоғамды экологияландыруға, қоғамдық қатынастарды реттеуге экожүйелік көзқарас орнатуға;
6) қоғамдық санада экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, экологиялық бiлiм беру мен ағарту жүйесін жақсартуға;
7) әрбiр адамның экологиялық ақпаратқа қол жеткiзу құқығын сақтауға және жұртшылықтың қоршаған ортаны қорғау мәселелерiн шешуге жан-жақты қатысуына;
8) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардан болған қатерлерді азайтуға және олардың салдарларын жұмсартуға;
9) халықаралық ынтымақтастықта әріптестік қатынастар орнатуға және халықаралық құқық нормаларын сақтауға бағытталған шешімдерімен және іс-қимылдарымен қамтамасыз етіледі.
2. Уәкілетті мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдардың мiндетi:
1) қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және қорғау;
2022.21.05. № 123-VII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2022 ж. 24 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының және Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптары мен нормаларын мүлтіксіз сақтау;
3) ел аумағының радиоактивтi, химиялық ластануына, бактериологиялық зарарлануына жол бермеу;
4) экологиялық қауіпті технологиялардың, техника мен жабдықтың тізіліміне енгізілген технологиялардың, техника мен жабдықтың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылуын болдырмау;
5) шаруашылық және өзге де қызметтiң теріс экологиялық зардаптарын жою;
6) қоршаған ортаға және адамның денсаулығына келтірілген залалды өтеу;
2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) басқару органдары мен күштерін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі, зақымдаудың қазіргі заманғы құралдарының дамуын ескере отырып, азаматтық қорғаныс жөніндегі іс-қимылдарға міндетті түрде дайындау, халықты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қатері төнген және туындаған жағдайлардағы іс-қимылдарға үйрету;
8) болжанған және туындаған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, олардың алдын алу мен оларды жою жөнінде қабылданған шаралардың жариялығы және олар туралы халыққа және ұйымдарға хабардар ету;
2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
9) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға және авариялық-құтқару мен кезек күттірмейтін жұмыстарға жедел ден қоюға азаматтық қорғаныс күштері мен құралдарының тұрақты дайындығын қамтамасыз ету болып табылады.
25-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысуы
2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiктiң халықаралық кепiлдiктерiн алу мақсатында Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздігінің құрамдас бөлігі болып саналатын халықаралық (жаһандық, өңірлік) қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге қатысады.
2. Қазақстан Республикасының халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметі:
2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) жаһандық бейбiтшiлiк тәртiбiн қалыптастыру мәселелерінде Қазақстан Республикасының рөлін нығайтуды;
2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасының геосаяси айналасында ұжымдық қауiпсiздiктiң тиiмдi жүйесiн қалыптастыру мен нығайтуды;
3) қызметі Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгі мүдделерiне сай келетін халықаралық ұйымдар мен форумдарға қатысуды;
4) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес елден тыс жерлерде ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларға қатысуды;
5) қажет болған жағдайларда шекаралас мемлекеттермен бiрлесiп, ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге қатысты мәселелердi шешуді;
6) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мүдделеріне сай келетін халықаралық шарттар жасасуды көздейді.
26-бап. Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi іс-шараларды қаржыландыру
Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызмет бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылады.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 27-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
27-бап. Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы заңдылықтың сақталуын қадағалау
Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды Қазақстан Республикасының прокуратурасы жүзеге асырады.
28-бап. Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiкті қамтамасыз ету саласындағы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық
Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiкті қамтамасыз ету саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
29-бап. Осы Заңның өзге де нормативтiк құқықтық актiлермен арақатынасы
Осы Заңның нормалары ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң жекелеген бағыттары мен тәсілдерiн регламенттейтін өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу және қабылдау үшiн негiз болып табылады.
30-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы Заң, шет мемлекеттердің және (немесе) халықаралық ұйымдардың әскери құралымдарының, қару-жарақтары мен әскери техникасының Қазақстан аумағы арқылы әуе кемелерімен транзитіне тыйым салу бөлігінде 20-баптың 4-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шет мемлекеттердің және (немесе) халықаралық ұйымдардың әскери құралымдарының, қару-жарақтары мен әскери техникасының Қазақстан аумағы арқылы әуе кемелерімен транзитіне тыйым салу бөлігінде осы Заңның 20-бабы 4-тармағының 2) тармақшасы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
2. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 26 маусымдағы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 11-12, 173-құжат; 2000 ж., № 5, 115-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 16, 70-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 20, 153-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 24, 129-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2012 жылғы қаңтардың 6-ы.
№ 527-ІV