«Табиғи монополиялар субъектілерінің өзге қызметті жүзеге асыруға келісім беру туралы өтініштерін ұсыну және оны қарау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 4 наурыздағы № 70-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 392-НҚ бұйрығы
ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 19 шілдедегі № 216-НҚ бұйрығымен күші жойылды
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Табиғи монополиялар субъектілерінің өзге қызметті жүзеге асыруға келісім беру туралы өтініштерін ұсыну және оны қарау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 4 наурыздағы № 70-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3516 нөмірімен тіркелген, «Ресми газеттің» 2005 жылғы 30 сәуірдегі № 18 нөмірінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің өзге қызметті жүзеге асыруға келісім беру туралы өтініштерін ұсыну және оны қарау ережесінде:
5-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) құзыретті орган - мемлекеттік басқарудың тиісті саласында (аясында) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;»;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: