«Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 ақпандағы № 129 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 1649 Қаулысы (күші жойылды)

«Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 ақпандағы № 129 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 1649 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1561 Қаулысымен күші жойылды

 

«2012 - 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 ақпандағы № 129 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 20, 240-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 1649 қаулысына

қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 11 ақпандағы

№ 129 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған

стратегиялық жоспары

 

 

1-бөлім. Миссия және пайымдау

 

Миссиясы. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) көлік-коммуникация кешенін дамытудың озыңқы қарқынын қамтамасыз ету және көліктік қызметтегі экономика мен халықтың қол жетімді және сапалы көлік қызметіне қажеттілігін толық қанағаттандыру мақсатында көлік және коммуникация саласындағы Қазақстан Республикасының тиімді мемлекеттік саясатын қалыптастырады және жүргізеді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.