Жеке сот орындаушыларының қызметін лицензиялау қағидасын және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 ақпандағы № 181 Қаулысы
Осы редакция 2011 жылғы 11 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы және «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі заңдарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Жеке сот орындаушыларының қызметін лицензиялау қағидасы;
2) жеке сот орындаушыларының қызметіне қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 17-3-жолмен толықтырылсын:
«