Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 687 бұйрығы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 21-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Д.Е. Ерғожин) осы бұйрық күшіне енген күннен бастап бір апта мерзімде бұйрықтың көшірмесін белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберсін және кейіннен оның бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.