Ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 маусымдағы №545 Қаулысы
Осы редакция 2011 жылғы 30 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау ережесі;
2) ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасындағы мал дәрігерлік қызметті лицензиялау туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 20 тамыздағы № 1272 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 38, 365-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 20 тамыздағы № 1272 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 11 сәуірдегі № 556 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 19, 206-құжат);
3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 20 тамыздағы № 1272 және 1999 жылғы 31 наурыздағы № 343 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 23 желтоқсандағы № 1347 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 46, 463-құжат).
3. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.