(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) САЛЫҚ ЖӘНЕ БЮДЖЕТКЕ ТӨЛЕНЕТІН БАСҚА ДА МІНДЕТТІ Т...

Предыдущая страница

Төлем көзінен жеке табыс салығын салық агенті осы баптың 5-тармағында көрсетілген жағдайды қоспағанда, резидент емес жеке тұлғаға табыс төлеу күнінен кешіктірмей ұстайды.

Салық агенті осы Кодекстің 161-бабында белгіленген мерзімде төлем көзінен ұсталған жеке табыс салығының сомасын аударуға міндетті.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Салық агенті резидент емес жеке тұлғаға табыс төлеуді жүзеге асыру нысаны мен орнына қарамастан, төлем көзінен жеке табыс салығын ұстайды.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Қызметі осы Кодекстің 191-бабы 7-тармағының ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрмайтын резидент еместің шетелдік персоналды ұсынуы кезінде мұндай персоналдың Қазақстан Республикасындағы қызметінен алынған табысына төлем көзінен жеке табыс салығы салынады.

Бұл ретте резидент емес жеке тұлғалардың табыстары, оның ішінде Қазақстан Республикасындағы қызметіне байланысты мұндай персонал алатын өзге материалдық пайда жеке табыс салығын салу объектісі болып табылады.

Егер ұсынылған персоналға табысты резидент емес төлеген жағдайда, жеке табыс салығын есептеу мақсатында салық базасын осы Кодекстің 191-бабының 7-тармағына сәйкес резидент емес табыс ететін құжаттар негізінде салық агенті айқындайды.

Шетелдік персонал табысынан төлем көзінен жеке табыс салығын ұстауды салық агенті резидент емес заңды тұлғаға шетелдік персоналды ұсыну жөніндегі қызметтер үшін табыс төленген кезде жүргізеді.

Төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын есептеуді салық агенті салық шегерімдерін жүзеге асырмастан, осы Кодекстің 155-бабы 3-тармағының ережелерін ескере отырып, шетелдік персоналдың осы тармаққа сәйкес айқындалған табыстарының сомасына осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген ставканы қолдану арқылы жүргізеді.

Салық агенті осы Кодекстің 161-бабында белгіленген мерзімде төлем көзінен ұсталған жеке табыс салығының сомасын аударуға міндетті.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. Төлем көзінен жеке табыс салығын бюджетке есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндет пен жауапкершілік резидент емеске табысты төлейтін және салық агенттері деп танылған мынадай тұлғаларға:

1) дара кәсіпкерге;

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) егер филиал, өкілдік қосарланған салық салуды болғызбау туралы халықаралық шартқа немесе осы Кодекстің 191-бабының 4-тармағына сәйкес тұрақты мекеме құрмаса, Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаға;

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара) 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) заңды тұлғаға, оның iшiнде Қазақстан Республикасындағы қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емеске жүктеледi.

Бұл ретте резидент емес заңды тұлға оның филиалы, өкiлдiгi немесе филиал немесе өкiлдiк ашпаған тұрақты мекемесi Қазақстан Республикасының салық органдарында тiркеу есебiне қойылған күннен бастап салық агентi болып танылады.

Осы тараудың мақсаттары үшін резидент заңды тұлға өз шешімімен осы Кодекстің 161-бабында белгіленген тәртіппен мұндай құрылымдық бөлімше төлеген (төлеуге жататын) төлем көзінен салық салынатын табыстар бойынша өз құрылымдық бөлімшесін төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы бойынша салық агенті деп тануға құқылы.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) заңды тұлғаға, оның ішінде осы Кодекстің 191-бабының 7-тармағының ережелеріне сәйкес қызметі тұрақты мекеме құрмайтын резидент емес оған шетелдік персоналды берген, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емеске;

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) депозитарлық қолхаттардың базалық активінің эмитент резидентіне;

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

6) осы баптың 6-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілгендерді қоспағанда, осы Кодекстің 200-1-бабы 1-тармағының 8) тармақшасында белгіленген талаптар орындалмаған кезде бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін сатып алатын резидент емес заңды тұлғаға жүктеледі.

7. 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен  (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады) (бұр.ред.қара); 2011.19.01. № 395-IV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8. 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

9. Осы Кодекстің ережелеріне сәйкес резидент еместің табыстарынан есептелген жеке табыс салығының сомасын салық агенті өз қаражаты есебінен оны ұстамай төлеген кезде, салық агентінің төлем көзінен жеке табыс салығын ұстау және аудару жөніндегі міндеті орындалған болып саналады.

 

202-бап. Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесі жоқ резидент емес заңды тұлғаның шетелдік қызметкерлерінің табыстарына салық салу тәртібі

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Осы баптың ережелері, егер осы Кодекстің 201-бабының 5-тармағында өзгеше белгіленбесе, осы Кодекстің 163-бабында айқындалған табыстарды қоса алғанда, осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 18), 20), 21) тармақшаларында айқындалған Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесі жоқ резидент емес заңды тұлғаның қызметкерлері болып табылатын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың табыстарына салық салуға қолданылады. Бұл ретте осы баптың ережелері бір мезгілде мынадай талаптар орындалған кезде:

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесі жоқ резидент емес заңды тұлғаның қызметкері болып табылса;

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адам осы Кодекстің 189-бабының 2-тармағына сәйкес ағымдағы салық кезеңі үшін Қазақстан Республикасында тұрақты болатын деп танылса, қолданылады.

Егер шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам ағымдағы салық кезеңі үшін Қазақстан Республикасында тұрақты болатын деп танылмаса, онда осы Кодекстің 163-бабында көрсетілген табыстарды қоса алғанда, мұндай тұлғаның осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 18), 20), 21) тармақшаларында көрсетілген табыстары салық салуға жатпайды.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның табыстарынан төлем көзінен жеке табыс салығын бюджетке есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндет пен жауапкершілік резидент емес заңды тұлға соның пайдасына жұмыстарды орындайтын, қызметтер көрсететін заңды тұлғаға (оның ішінде қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емеске) жүктеледі. Мұндай тұлға салық агенті болып танылады.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Жеке табыс салығын есептеу осы Кодекстің 158-бабында белгіленген ставка бойынша салық шегерімдері жүзеге асырылмай, шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам мен резидент емес заңды тұлға арасында жасалған еңбек шартында (келісімшартта) көрсетілген шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның табысынан жүргізіледі. Бұл ретте резидент емес заңды тұлға салық агентіне Қазақстан Республикасына іссапарға жіберілген шетелдіктермен немесе азаматтығы жоқ адамдармен жасалған жеке еңбек шарттарының (келісімшарттардың) нотариаттық куәландырылған көшірмелерін табыс етуге міндетті.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа реадакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Салық агентi табыс төлеудi жүзеге асырудың нысаны мен орнына қарамастан, резидент емес заңды тұлғаға табыс төлеу күнінен кешіктірмей төлем көзiнен жеке табыс салығын есептейді және ұстайды.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа реадакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Бюджетке шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның табыстарынан жеке табыс салығын аударуды салық агенті өзінің орналасқан жері бойынша осы баптың 4-тармағына сәйкес салық ұсталуға жататын айдан кейінгі айдың 25-іне дейін жүргізеді.

 

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен  (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 203-бап өзгертілді

203-бап. Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтiк салық жөніндегі декларацияны табыс ету

Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтiк салық жөніндегі декларацияны салық агенті есепті салық кезеңдері кіретін тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей тоқсан сайын салық төлеу орны бойынша салық органына табыс етеді.

 

204-бап. Резидент емес жеке тұлғаның табыстарына жекелеген  жағдайларда салық салу тәртібі

1. Осы баптың ережелері резидент емес жеке тұлғаның осы Кодекстің ережелеріне сәйкес салық агенттері болып табылмайтын тұлғалардан Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстарына қолданылады.

2. Резидент емес жеке тұлғаның осы баптың 1-тармағында көрсетілген табыстарынан жеке табыс салығын есептеу салық шегерімдері жүзеге асырылмай, табыстың есептелген сомасына осы Кодекстің 194-бабында белгіленген ставканы қолдану жолымен жүргізіледі.

3. Жеке табыс салығын төлеуді резидент емес жеке тұлға салық кезеңінде жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кейінгі күнтізбелік он күннен кешіктірмей дербес жүргізеді.

4. 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 205-бап өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

205-бап. Жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету

Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, жеке табыс салығы бойынша декларацияны осы Кодекске сәйкес төлем көзінен жеке табыс салығы салынбайтын табыстарды Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын резидент емес жеке тұлға салық төлеушінің болатын (тұрғылықты) жеріндегі салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етеді.

Ағымдағы салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызына дейін Қазақстан Республикасының аумағына кейіннен кірместен ағымдағы салық кезеңі ішінде Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығу жағдайында, резидент емес жеке тұлға жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс етуге және ағымдағы салық кезеңі ішінде жеке табыс салығын төлеуге құқылы. Бұл ретте жеке табыс салығы бойынша декларация ағымдағы салық кезеңінің басынан бастап Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге осындай тұлға шыққан күнге дейінгі кезеңге табыс етіледі.

 

 

26-тарау. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТТАР БОЙЫНША АРНАУЛЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

206-бап. Халықаралық шартты қолдану жағдайы

1. Қазақстан Республикасы тараптардың бірі болып табылатын, қосарланған салық салуды болғызбау және табысқа немесе мүлікке (капиталға) салық салудан жалтарудың жолын кесу туралы халықаралық шарттың (бұдан әрі осы тараудың және осы Кодекстің 27-тарауының мақсатында - халықаралық шарт) ережелері осындай шарт жасасқан мемлекеттердің біреуінің немесе екеуінің де резиденті болып табылатын тұлғаларға қолданылады.

2. Егер халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті осы халықаралық шарттың ережелерін халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті болып табылмайтын басқа тұлғаның мүддесінде пайдаланса, ондай резидентке осы баптың 1-тармағының ережесі қолданылмайды.

 

207-бап. Халықаралық шарттарды қолдану тәртібі

Халықаралық шарттардың ережелерін қолдану осы Кодексте және тиісті халықаралық шартта белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

 

208-бап. Қазақстан Республикасындағы көздерден табысқа салық салу мақсатында резидент емес заңды тұлғаның басқару және жалпыәкімшілік шығыстарын шегерімге жатқызу әдістері

1. Егер Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның салық салынатын табысын анықтау кезінде оның Қазақстан Республикасындағы, сондай-ақ одан тысқары жерлердегі осындай салық салынатын табысты алу мақсатында шеккен басқару және жалпыәкімшілік шығыстарын шегеруге халықаралық шарттың ережелерімен жол берілген жағдайда, онда мұндай шығыстардың сомасы, мынадай:

1) шығыстарды барабар бөлу әдісі;

2) шығыстарды шегерімге тура (тікелей) жатқызу әдісінің бірі бойынша анықталады.

Бұл ретте резидент заңды тұлғада осы Кодекстің 219-бабы 4-тармағының талаптарына сәйкес резиденттігін растайтын құжаты болған кезде көрсетілген шығыстарды шегерімге жол беріледі.

2. Басқару және жалпыәкімшілік шығыстар - бұл ұйымды басқаруға, өндірістік процеспен байланысты емес басқарушы персоналдың еңбегіне ақы төлеуге байланысты шығыстар.

3. Резидент емес заңды тұлға өз таңдауы бойынша басқару және жалпыәкімшілік шығыстарды шегерімге жатқызудың көрсетілген әдістерінің бірін ғана қолданады. Қолданылатын әдіс есепті салық кезеңінде өзгермейтін болуға тиіс.

4. Басқару және жалпыәкімшілік шығыстарды шегерімге жатқызудың таңдап алынған әдісі тұрақты мекемеге (шығыстарды барабар бөлу әдісі кезінде пайдаланылатын есептік көрсеткішті есептеу тәртібін қоса) жыл сайын қолданылады және тұрақты мекеменің орналасқан жеріндегі салық органына қатысты жоғары тұрған орган болып табылатын салық органының (уәкілетті органды қоспағанда) келісімі бойынша ғана, есепті салық кезеңі басталғанға дейін өзгертілуі мүмкін.

5. Резидент емес заңды тұлғаның басқару және жалпыәкімшілік шығыстарды есепті салық кезеңі ішінде шегерімге жатқызудың екі әдісін бір мезгілде қолдануға құқығы жоқ.

6. Шегерімге жатқызылған көрсетілген шығыстар сомасын есептеу мақсатында тұрақты мекеме орналасқан жердегі салық органына резидент емес табыс ететін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияға тиісті қосымша толтырылады.

7. Басқару және жалпы әкімшілік шығыстар Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемеде мынадай растаушы құжаттар:

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) осы Кодекстің 219-бабы 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін резиденттікті растайтын құжаттың нотариаттық куәландырылған көшірмесі;

2) Қазақстан Республикасында салық төлеуші тұрақты мекеменің қаржылық есептілігінің көшірмесі;

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) резидент емес заңды тұлға құрылған және (немесе) резиденті болып табылатын мемлекет заңнамасының талаптарына сәйкес жасалған осындай заңды тұлғаның қаржылық есептілігінің көшірмесі;

4) резидент емес заңды тұлғаның қаржылық есептілігінің аудиті бойынша аудиторлық есептің көшірмесі (мұндай тұлғаның қаржылық есептілігінің аудиті жүзеге асырылған кезде) және олардың қазақ немесе орыс тiліндегі аудармасы болған кезде ғана шегерімге жатқызылады.

Бұл ретте осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген қаржылық есептіліктерде есептік көрсеткішті анықтаудың таңдап алынған тәсіліне байланысты мынадай деректер:

1) тұтас алғанда жылдық жиынтық табыстың жалпы сомасы;

2) тұтас алғанда персоналдың еңбегіне ақы төлеу бойынша шығыстардың жалпы сомасы;

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

3) тұтас алғанда негізгі құралдардың бастапқы (ағымдағы) және баланстық құны ашып көрсетiлуге тиiс.

4) 2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

8. Резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме шегерімге жатқызған басқару және жалпыәкімшілік шығыстарының тізбесі, сондай-ақ оларды резидент емес заңды тұлға мен оның тұрақты мекемесі (мекемелері) арасында бөлу әдісі резидент емес заңды тұлғаның салық есебі саясатында бекітіледі.

9. Резидент емес заңды тұлға корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімдерде тиісті салық органына резиденттікті растайтын құжаттың нотариаттық куәландырылған көшірмесін табыс етуге міндетті. Барабар бөлу әдісін қолданған кезде Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме шегерімге жатқызатын шығыстар сомасының еркін нысанда жасалған есеп-қисабы табыс етіледі.

Осы баптың 7-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілгендерді қоспағанда, осы баптың 7-тармағында аталған құжаттарды резидент емес салық органына оның талап етуі бойынша табыс етеді.

10. Егер қаржылық есептілік шет тілінде жасалса, салық төлеуші оған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нотариус куәландырған, оның қазақ немесе орыс тiліндегі аудармасын қоса беруге міндетті.

11. Қаржылық есептілікте барабар бөлуге жататын басқару және жалпыәкімшілік шығыстар сомасы көрсетілмеген, сондай-ақ осы бапта белгіленген талаптар орындалмаған жағдайда, мұндай шығыстар тұрақты мекеменің шегеріміне қабылданбайды.

 

209-бап. Шығыстарды барабар бөлу әдісі

1. Барабар бөлу әдісін пайдалану кезінде осы Кодекстің 208-бабының 2-тармағында көрсетілген, тұрақты мекеме шегерімге жатқызатын басқару және жалпыәкімшілік шығыстардың сомасы осындай шығыстар мен есептік көрсеткіш сомаларының көбейтіндісі ретінде анықталады.

2. Есептік көрсеткіш резидент емес заңды тұлғаның таңдауы бойынша мына тәсілдердің бірі:

1) резидент емес заңды тұлғаның есепті салық кезеңінде Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырудан түсірген жылдық жиынтық табысы сомасының, резидент емес заңды тұлғаның тұтас алғанда аталған салық кезеңіндегі жылдық жиынтық табысының жалпы сомасына қатынасы;

2) орташа шаманы (ОШ) үш көрсеткіш бойынша анықтау:

резидент емес заңды тұлғаның есепті салық кезеңінде Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырудан алған жылдық жиынтық табысы сомасының резидент емес заңды тұлғаның тұтас алғанда көрсетілген салық кезеңіндегі жылдық жиынтық табысының жалпы сомасына қатынасы (Т);

Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеменің салық кезеңінің соңындағы жай-күйі бойынша қаржылық есептілігінде ескерілген негізгі құралдарының бастапқы (ағымдағы) құнының резидент емес заңды тұлғаның тұтас алғанда нақ сол салық кезеңіндегі негізгі құралдарының жалпы бастапқы (ағымдағы) құнына қатынасы (НҚ);

Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемеде жұмыс істейтін персоналдың еңбегіне ақы төлеу жөніндегі есепті салық кезеңінің соңындағы жай-күйі бойынша шығыстар сомасының резидент емес заңды тұлға тұтас алғанда осындай салық кезеңінде персоналдың еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстардың жалпы сомасына қатынасы бойынша есептеп шығарылады (ЕТ).

Орташа шама мынадай формула бойынша айқындалады:

ОШ = (Т + НҚ + ЕТ). 3

 

210-бап. Шығыстарды барабар бөлу әдісін жекелеген жағдайларда қолдану кезінде есептік көрсеткішті есептеудің ерекшеліктері

1. Салық төлеушінің Қазақстан Республикасындағы және резиденттік еліндегі салық кезеңдерінің ұзақтығы сәйкес келмеген не салық төлеушінің Қазақстан Республикасындағы және резиденттік еліндегі салық кезеңдерінің басталу және аяқталу күндері сәйкес келмеген жағдайда көрсетілген салық кезеңдерінің тең ұзақтығы кезінде салық төлеуші тұрақты мекемеге шегерімге жатқызылуға тиіс басқару және жалпыәкімшілік шығыстар сомасын есептеу кезінде пайдаланылатын, резидент емес заңды тұлғаның резиденттік еліндегі қаржылық есептілігінің деректерін түзетуге міндетті.

Салық төлеушінің резиденттік еліндегі қаржылық есептілігінің деректерін түзету үшін түзеу коэффициенті (К) қолданылады, ол салық төлеушінің резиденттік еліндегі салық кезеңін Қазақстан Республикасындағы салық кезеңімен сәйкес келтіреді.

2. Коэффициент (К) салық төлеушінің Қазақстан Республикасындағы салық кезеңі шеңберіне кіретін, резиденттік еліндегі салық кезеңінің айлары санының салық төлеушінің резиденттік еліндегі салық кезеңі айларының санына арақатынасы ретінде айқындалады.

Қазақстан Республикасындағы есепті салық кезеңінің шеңберіне салық төлеушінің резиденттік еліндегі екі салық кезеңі толық немесе ішінара кірген жағдайда екі коэффициент (К1, К2) қолданылады.

3. Салық төлеушінің резиденттік еліндегі қаржылық есептілігінің деректері мынадай түрде түзетіледі:

К1хҚЕ (РЕ)1 + К2хҚЕ(РЕ)2,

мұндағы К1 = СК (РЕ)1/СК (РЕ)3; К2 = СК (РЕ)2/СК (РЕ)3,

бұл ретте:

СК (РЕ)1 - салық төлеушінің Қазақстан Республикасындағы салық кезеңі шеңберіне кіретін, резиденттік еліндегі бір салық кезеңі айларының саны;

СК (РЕ)2 - салық төлеушінің Қазақстан Республикасындағы салық кезеңі шеңберіне кіретін, резиденттік еліндегі басқа салық кезеңі айларының саны;

СК (РЕ)3 - салық төлеушінің резиденттік еліндегі салық кезеңі айларының жалпы саны;

ҚЕ(РЕ)1 - салық төлеушінің Қазақстан Республикасындағы салық кезеңі шеңберіне кіретін, резиденттік еліндегі бір салық кезеңі үшін салық төлеушінің резиденттік еліндегі қаржылық есептілігі;

ҚЕ(РЕ)2 - салық төлеушінің Қазақстан Республикасындағы салық кезеңі шеңберіне кіретін, резиденттік еліндегі басқа салық кезеңі үшін салық төлеушінің резиденттік еліндегі қаржылық есептілігі.

 

211-бап. Шығыстарды шегерімге тікелей (тура) жатқызу әдісі

1. Резидент еместің басқару немесе жалпыәкімшілік шығыстарын шегерімге тікелей (тура) жатқызу әдісі резидент емес заңды тұлға Қазақстан Республикасында және одан тысқары жерлерде орналасқан басты офистің және оның тұрақты мекемелерінің табыстары мен шығындарын (басқару және жалпыәкімшілік шығыстарды қоса алғанда) бөлек есептеуді жүргізген жағдайда пайдаланылады.

2. Басқару және жалпыәкімшілік шығыстар, егер олар айқын болса және тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен табыс алу мақсатында тікелей жұмсалса, Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме шегерімге жатқызады.

3. Аталған шығыстар растайтын құжаттар және олардың қазақ немесе орыс тiліндегі аудармасы болған кезде ғана тұрақты мекеме шегерімге жатқызады.

4. Мыналар:

1) тұрақты мекеме арқылы қызметтен табыс алу мақсатында Қазақстан Республикасының аумағындағы резидент емес заңды тұлға жұмсаған шығыстарды растайтын бастапқы есепке алу құжаттары;

2) тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен табыс алу мақсатында Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде резидент емес заңды тұлға жұмсаған шығыстарды растайтын бастапқы есепке алу құжаттарының көшірмелері;

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) осы Кодекстің 219-бабының 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін, резиденттікті растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;