Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 желтоқсандағы № 1739 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1598 Қаулысымен күші жойылды
«Кеден одағы Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы мен Кеден одағы Бірыңғай кеден тарифінің жаңа редакциясы туралы» Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 18 қарашадағы № 850 шешімін іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Үкіметінің
2011 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1739 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларға кедендік әкету баждары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы № 1036 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 38, 533-құжат):
көрсетілген қаулыға қосымша мынадай редакцияда жазылсын:
«Мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларға кедендік әкету баж ставкалары