Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 31 наурыздағы
№ 449 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын I санаттағы объектілерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлу
өлшемдері
1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық сараптамасына мына объектілер жатады:
1) мыналарды:
құрылыс өнеркәсібін (шахталы, айналмалы және басқа пештерде күйдірумен магнезит, доломит және шамот өндірісін, стационарлық зауыттарда асфальтбетон өндіруді);
ағаш өңдеуді;
тоқыма өндірісін және жеңіл өнеркәсіп өндірісін;
жануарлар өнімдерін өңдеуді;
тамақ және дәмін келтіретін заттарды өңдеуді;
ауыл шаруашылығы объектілерін;
санитарлық-техникалық, көлік инфрақұрылымының құрылыстарын, коммуналдық мақсаттағы құрылғылар мен объектілерді;
жүктерді қайта тиеу және сақтау қоймаларын, айлақтары мен орындарын, жүктер мен кемелердің фумигациясының, газ дезинфекциясының, дератизациясының және дезинсекциясының өндірістерін қоспағанда, әлеуетті радиациялық қауіптіліктің I санатына, сондай-ақ өндірістік объектілерді санитарлық жіктеуге сәйкес қауіптіліктің 1-сыныбына жататын негізгі өндіріс қызметінің түрлері;
2) республикалық маңызы бар мемлекеттік органдар қызметінің негізгі бағыттары тұжырымдамаларының, мемлекеттік инвестициялық, экологиялық және өзге, оның ішінде меншік нысанын өзгертуге және жекешелендіруге қатысты бағдарламалардың, шарттардың, келісім-шарттардың жобалары;
Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары әзірлейтін, іске асырылуы қоршаған ортаға теріс әсер етуге әкеп соқтыруы мүмкін нормативтік құқықтық актілердің, нормативтік-техникалық және нұсқаулық-әдістемелік құжаттардың жобалары;
халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарында (учаскелерде) балық ресурстарын және су жануарларының басқа түрлерін пайдалануға биологиялық негіздемелер;
аңшылық объектісі болып табылатын жануарларды аулау мен пайдалануға арналған биологиялық негіздемелер;
Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасы;
аумақтық дамудың өңіраралық схемасы;
осы аумақтарға республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, экологиялық зілзала аймағы немесе төтенше экологиялық жағдай аймағы құқықтық мәртебесін беруді негіздейтін аумақтар учаскелерін кешенді экологиялық зерттеу материалдары, сондай-ақ осы аумақтарды оңалту бағдарламалары;
3) жаңа техникаға, технологияларға, материалдар мен заттарға, оның ішінде шетелден сатып алынатындарына қойылатын экологиялық талаптарды негіздейтін құжаттама.
2. Қалған жағдайларда I санат объектілерінің мемлекеттік экологиялық сараптамасын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі жүргізеді.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 31 наурыздағы
№ 449 қаулысымен
бекітілген
Қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру үшін I санаттағы объектілерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлу
өлшемдері
1. I санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатты табиғат пайдаланушыда эмиссияның бір түрі орын алған және мыналардан асатын жағдайда қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган береді:
1) ластаушы заттардың шығарындылары - жылына 1 000 тонна, мұнай-газ енеркәсібі үшін - жылына 50 тонна;
2) ластаушы заттардың төгінділері - жылына 2 000 тонна;
3) өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру - жылына 10 000 тонна.
2. Қалған жағдайларда қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатты I санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі береді.