Акциздік постылардың қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 61 Қаулысы
ҚР Yкіметінің 2015 жылғы 23 шілдедегі № 573 Қаулысымен күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 653-бабының 6-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Акциздік постылардың қызметін ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 16 қаңтардағы
№ 61 қаулысымен
бекітілген
Акциздік постылардың қызметін ұйымдастыру
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Акциздік постылардың қызметін ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 653-бабы 6-тармағының 5) тармақшасына сәйкес әзірленген және акциздік постылардың қызметін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
2. Акциздік постылар лицензияда көрсетілген мекенжай бойынша салық төлеушілердің аумағында тікелей:
1) этил спиртін;
2) алкоголь өнімін;
3) темекі бұйымдарын;
4) бензин (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын өндіруді жүзеге асыру орындарында орнатылады.
3. Сондай-ақ акциздік постылар салық төлеушілердің аумағында:
1) мұнай мен мұнай өнімдерін магистральдық мұнай өнімдері құбырлары арқылы орнын ауыстыру;
2) мұнай мен мұнай өнімдерін темір жол көлігімен орнын ауыстыру;
3) алкоголь өнімін, темекі бұйымдарын, бензин (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын көтерме саудада өткізуі жүзеге асырғанда орнатылады.
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.