Автожанармай құю станциясындағы мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналының нысанын және оны жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1710 Қаулысы
ҚР Yкіметінің 2015 жылғы 23 шілдедегі № 573 Қаулысымен күші жойылды
«Автожанармай құю станциясындағы мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналының нысанын және оны жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 136 бұйрығын қараңыз
«Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңының 6-бабының 12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Автожанармай құю станциясындағы мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналын жүргізу қағидалары;
2) автожанармай құю станциясындағы мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналының нысаны бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.