«Қазақстан Республикасында инвестицияларды тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және экспортты ынталандыру жөніндегі 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қазандағы № 1145 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 желтоқсандағы № 1596 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасында инвестицияларды тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және экспортты ынталандыру жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қазандағы № 1145 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында инвестицияларды тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және экспортты ынталандыру жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламада:
«Бағдарламаны іске асыру кезеңдері» деген 5-бөлім және Қазақстан Республикасында инвестицияларды тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және экспортты ынталандыру бойынша 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары» деген 7-бөлім осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы қаулыға 3 және 4-қосымшаларға сәйкес 1 және 2-қосымшалармен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.