«Қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 931 бұйрығы (күші жойылды)

Қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 931 бұйрығы

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 2 тамыздағы № ҚР ДСМ-72 бұйрығымен күші жойылды

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 32-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары туралы ереже бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ.Төлеғалиева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі және мемлекеттік сатып алу департаменті (Г.С.Төлебаева) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Вице-министрі Е.Ә.Байжүнісовке жүктелсін.

5. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

2011 жылғы 30 желтоқсандағы

№ 931 бұйрығымен бекітілген

 

 

Қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары туралы

ереже

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары туралы осы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әзірленді және қан қызметі ұйымдарының міндеттерін, функцияларын, құрылымын және санаттылығын, сондай-ақ қызметтерінің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін анықтайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.