Қазақстан Республикасы салық қызметі органдарының кодтарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1716 Қаулысы
(2012.12.11. берілген толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 449 Қаулысымен күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 18-бабының 2-тармағына және 584-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы салық қызметі органдарының кодтары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2012.12.11. № 1435 Қаулысымен салық қызметі органдарының кодтары өзгертілді(бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1716 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы салық қызметі органдарының
кодтары