Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйыммдастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 112 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 23 шілдедегі № 578 Қаулысымен күші жойылды
«Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығын қараңыз
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 29) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 19 қаңтардағы
№ 112 қаулысымен
бекітілген
Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 29) тармақшасына сәйкес әзірленген және қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
2. Қашықтықтан білім беру технологияларын (бұдан әрі - ҚБТ) іске асыру мынадай түрлер бойынша жүзеге асырылады: ТВ-технологиясы, желілік технология мен кейс-технология.
3. Қашықтықтан білім беру технологияларының субъектілері білім алушылар, педагогикалық қызметкерлер және қосымша білім беруді оқып үйрену бағдарламаларын іске асырушы ұйымдар болып табылады.
4. ҚБТ-ны білім беру ұйымдары өз бетінше іске асырады.
5. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) ТВ-технология - телевизияның эфирлік, кәбілдік және спутниктік желілерін қолдану негізіндегі технология;
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.