ҚР Үкіметінің 2026.10.10. № 890 Қаулысымен қағида жаңа редакцияда (2026 ж. 24 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 21 қаңтардағы
№ 148 қаулысымен
бекітілген
Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу
қағидалары
(2026.24.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Осы Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Халықтың көші-қоны туралы», «Шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы» заңдарына сәйкес әзірленді және:
1) көші-қон бақылауын жүзеге асыру;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу тәртібін айқындайды.
2. Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының лауазымды адамдары мен азаматтарының осы Қағидалардың талаптарын сақтауын бақылауды Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары (бұдан әрі - ішкі істер органдары) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарымен (бұдан әрі - ұлттық қауіпсіздік органдары) өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асырады.
3. Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу тәртібіне қатысты көші-қон бақылауын ішкі істер органдары жүзеге асырады.