Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының бұйрығына және Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 4 мамырдағы № 237 Бұйрығы
Осы редакция 2012 жылғы 12 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының бұйрығына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаменті (Аманқабжан А.А.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.