Жануарлардың санын реттеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 ақпандағы № 186 Қаулысы
(2013.11.06. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 898 Қаулысымен күші жойылды
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 46-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Жануарлардың санын реттеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2012 жылғы 1 ақпандағы
№ 186 қаулысымен
бекітілген
Жануарлардың санын реттеу
қағидалары
1. Осы Жануарлардың санын реттеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және жануарлар санын реттеу тәртібін айқындайды.
2. Жануарлардың санын реттеу тәртібі
2. Жануарлардың санын реттеу мынадай негіздерде:
1) жануарлар дүниесінің объектілері таратушылары болып табылатын ауруларды халықтың, ауыл шаруашылығы мен үй жануарларының жұқтыруы немесе олармен ауруы қатері төнгенде;
2) экономикаға едәуір нұқсан келу қатері төнгенде;
3) жануарлар дүниесінің мекендеу ортасында оның қалыптасқан табиғи теңгерімінің бұзылып, бұл оның жекелеген түрлері санының қысқаруына және басқа да теріс зардаптарға әкеп соққанда;
4) су айдындарының және (немесе) учаскелерінің гидрохимиялық және өзге де режимдерінің су бетінің қатып қалуына әкелуі мүмкін бұзылу қатері төнгенде жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2013.11.06. № 593 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)